Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен Қостанай облысы Қарабалық ауданына барды

Парламент Мәжілісінің депутаттары Арман Қожахметов, Снежанна Имашева, Ольга Шишигина, Құралай Қарекен  Қарабалық ауданына жұмыс сапарымен барды. Халық қалаулылары еліміз бойынша ең ірі мал бордақылау алаңы бар «Астық индустриясы» агрохолдингінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Егемен Қазақстан
05.02.2019 4563
2

Айта кету керек, бүгінде бұл ірі серіктестікке бірнеше кәсіп нысаны кіреді. Сонын бірі - «Терра» ЖШС мал бордақылау алаңы. 2011 жылы алғаш рет Аустралия елінің «Абердин – ангус» тұқымын әкеліп, ірі қара басын көбейтуді мақсат еткен еді. Кейінгі жылдары іргелі шаруашылық мал басын 8 мың басқа дейін жеткізіп, өткен жылы 20 мың мал басы көрсеткішін бағындырды. «Астық индустриясы» холдингінің басшылығы Мәжіліс депутаттарына жүзеге асқан жобалар мен бағындырған жетістіктері жайлы баян етті. Әсіресе, соңғы жылдары сәтті бастамалардың бірі асыл тұқымды мал басын көбейту ісі өрге домалап келеді.

- Ет кластерінің негізгі мақсаты – сиыр етінің көлемін одан әрі арттыру. Мысалы, 2018 жылы 101 мың мал басына шақталған мал бордақылау алаңын тұрғыздық. Бұл дегеніміз 2,5 мың тонна сиыр еті болса, оның жартысынан көбі Ресей және Өзбекстанға экспортталды, - дейді «Астық индустриясы» агрохолдингінің бас директоры Дәулет Ахметқалиев.     

Оның сөзінше, алдағы уақытта компания 5 мың тонна ет өндіріп, 2 мың тоннасын сыртқа жөнелтуді межелеп отыр. Шаруашылықта цифрлы технологиялар да кеңінен қолданылады. «Ақылды ет фермасы» өз тиімділігін көрсетіп, шығынды азайтуға мүмкіндік берді. Ірі қараға арналған арнайы азық беру жүйесі де құрастырылған.

- Тағы бір басымдық берілген экспорттық позиция – ет. Бүгінде Қазақстан 900 мың тоннадан астам ет өндіреді, осы бағыт бойынша үлкен экспорттық әлеуетке ие. Бүгінде барлық мал басы мен өнімділікті арттыруға еліміздің зор мүмкіндігі бар. Ал мал шаруашылығы өнімдерін өткізу нарықтарының сыйымдылығына келер болсақ, ол елдің ішкі нарығында да, шекаралас мемлекеттер бойынша да жеткілікті. Осылайша, елдің агроөнеркәсіптік кешені үлкен әлеуетке ие болғандықтан, оның сыртқы нарықтағы даму келешегі зор. 2017-2027 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламада асыл тұқымды мал басын көбейтуге де ерекше ден қойылып отыр. Бір ғана жергілікті холдинг өзге ірі шаруашылықтарға үлгі бола алатындығын айтады, - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Арман Қожахметов.

Холдингке қарасты «Терра» шаруашылығында  40 тан астам қызметкер бар. Мемлекеттік бағдарламалар аясында субсидиялар да қарастырылған. Холдинг басшылығы болашақта  ет өндіру ісін дөңгелетіп, халықаралық деңгейге шығу жоспары бар екендігін айтты.

Ал халық қалаулылары мал шаруашылығы саласындағы кең көлемді жобаларға оң бағаларын берді. Алдағы уақытта ет өндірісі алға басып,  экономиканың негізгі тірегіне айналатындығына сенім білдірді.  

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Абдуллах Гүл: Нұрсұлтан Назарбаев – тұтас түркі әлемінің ақсақалы

25.03.2019

Тұңғыш Президенттің тарихтағы рөлі жоғары

25.03.2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдары (видео)

25.03.2019

Жеңіс Қасымбеков Ақмола облысының көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді

25.03.2019

Қаламқас мұнай кен орнында ұңғыма жанып жатыр

25.03.2019

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өтті

25.03.2019

Ұлтты өркениет көшіне қосқан кемеңгер - Шәбден Тілеумұрат

25.03.2019

Нұр-Сұлтан атауының берілуі өте орынды әрі лайықты шешім болғаны анық - Әнуарбек Мұхтарханов

25.03.2019

The Associated Press: Назарбаев тұрақтылық пен ұлтаралық бейбітшілікті қолдаған Қазақстанды құрды

25.03.2019

ECHO: «Ұлт көшбасшысы» мәртебесі оның құрметті тұлға екенін көрсетеді

25.03.2019

2019 жылдың қаңтар және ақпан айларында  Ұлттық қор түсімі 576,4 млрд теңгеге жетті

25.03.2019

Норвегияда апатқа ұшыраған кемеде екі қазақстандық бар болып шықты

25.03.2019

Филармония ұжымы қарияларды қуантты

25.03.2019

Елордада қайырымдылық «Astana Nauryz marathon» өтті

25.03.2019

Іріктеу кезеңін ірі жеңіспен бастады

25.03.2019

Кремльде қазақ әуені асқақтаған күн

25.03.2019

Ел мен елорданың бас сәулетшісі

25.03.2019

Нұрлы шаһар мемлекет мерейін асыра берсін

25.03.2019

Қажыр-қайратқа халықтың қайтарымы

25.03.2019

Әділетті әрі дер кезінде қабылданған шешім

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу