Үкімет Елбасы тапсырмаларын орындауға кірісті

Кеше Үкімет отырысында күн тәртібінің мәселелерін қарастырар алдында бес бала қаза тапқан өрт оқиғасына байланысты Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың және Ішкі іс­тер министрі Қалмұханбет Қасы­мов­тың аталған отбасына қолдау көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта осындай жағдайлардың орын алмауы үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамалары тыңдалды.

Егемен Қазақстан
06.02.2019 990
2

Премьер-Министр Б.Са­ғын­таев алдағы тәуліктерде бірқатар өңірде күннің қатты суытатынына орай, әкімдіктердің, өрт сөндіру және төтенше жағдайлар қызметтерінің назарын өрт қауіпсіздігі мәселесіне аударды. Өйткені жылу желілерінде жылу беру температурасы артады, жеке үйлерде пеш жағу да күшейе түседі. Сондықтан қауіпсіздік техникасының сақталуына ерекше назар аудару тапсырылды. 

Мұнан кейін Үкімет отыры­сында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл 30 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша ұсынылатын шаралар туралы жауапты мем­лекеттік органдардың баяндамалары тыңдалды.

Жалпы, Үкіметтің жұмысы қа­нағаттанарлық деп бағаланды. Премьер-Министр Б.Сағынтаев Елбасының бұл жоғары бағалауы осы жылға белгіленген міндеттер мен тапсырмаларды орындау үшін бұрынғыдан да көп күш-жігер жұмсаудың қажеттігін көрсететінін атап өтті.

Үкімет алдына экономи­ка­ның орнықты өсу қарқынын қамтамасыз ету үшін әртүрлі сце­нарийге дайын болу міндеті қойылды. Бұл жерде екі көр­сет­кішке ерекше көңіл бөлу керек – халықтың табысы мен тұрмыс сапасы. Мемлекет басшысы тағы бірқатар көрсеткішке арнайы тоқталып өтті, олар – шағын және орта бизнес үлесін көбейту, шикізаттық емес та­уарлар мен қызметтердің көлемін ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру. Әр министр мен әкімнің жұмысы осы көрсеткішке қарай бағаланатын болады.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов шағын жә­не орта бизнестің (ШОБ) экономи­ка­дағы үлесін ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жалғасатынын, эконо­миканы одан әрі жекеше­лен­діру және мемлекет иелігінен алу, көлеңкелі айналыммен күрес, Аумақтарды дамыту бағ­дар­ламасын одан әрі түзеу бо­йынша шаралар қабылданатынын, сондай-ақ министрлікке беріл­ген өкілеттіктер аясында инвес­тицияларды тарту бойын­ша тиімді мемлекеттік саясат­ты қалыптастыруға күш жұмыл­дырылатынын атап өтті.

ШОБ-тың экономикадағы үлесін ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс өткен жылы заңнамалық деңгейде қабылданған реформаларды жергілікті деңгейде іске асыру арқылы бизнес үшін кедергілерді төмендету, бөлінген 600 млрд теңге бойынша өңдеу өнеркәсібінде, агроөнеркәсіп кешенінде қайта өңдеу және өндіруде, сондай-ақ қызмет көрсету саласындағы жеке кә­сіп­керлік субъектілерінің басым жобаларын несиелендіру бо­йынша жұмысты іс жүзіне асыру негізінде жүргізіледі. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында осы қаражаттан берілетін несиелерді арзандату мақсатында сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау 3 жылдық бюджетте көзделген. 

Ұлттық банк төрағасы Да­нияр Ақышев банк Мемлекет бас­шысының тапсырмаларын орын­дау аясында қаржы секторын қалыпқа келтіру саясатын, қадағалау бойынша үздік ха­лық­аралық практиканы, оның ішінде тәуекелге бағдарлан­ған негізде енгізуді жалғасты­ратынын айтты. Бұл бағыттағы маңызды шараның бірі – кепілді кредиторлардың абсолютті басымдығы бойынша заңнамалық түзетулер. Бұл кредиторлардың кәсіпорындар банкроттығына мүдделілігін арттыруға, нақты секторды қалыпқа келтіруге, экономикалық айналымға кепіл мүлкін тартуға мүмкіндік береді.

2019 жылы Ұлттық банк банк активтерінің сапасын жан-жақты бағалау бойынша да­йындық жұмысын бастайды, қаржы реттеушісі бұл мәсе­ле­лерді банктермен талқылай бастады. Сондай-ақ «7-20-25» бағдарламасының үлгісімен аза­мат­тарға отандық автомобильдер сатып алуға несие беру бағдарламасын егжей-тег­жейлі әзірлеуге дайын. Бұл ұсыныс­ты Ұлттық банк мүдделі мемле­кеттік органдармен және банк­термен осы жылдың І жарты­жыл­дығында жан-жақты пысықтап, бағдарламаны ІІ жартыжылдықта іске қосуды көздейді.

Мемлекет басшысының аг­ро­өнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев баяндады.

Ет экспортын арттыру үшін етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру жалғасады. Оған қаржы бөлінді және нақты индикативтер айқындалды, ол үшін: 1,2 млн бас ірі қара малды тұқымдық түр­лендіру; бордақылау алаңдарына 353,6 мың бас бұқашық жеткізу; 100 мың бас ірі қара мал және 415,75 мың бас ұсақ мал сатып алу қажет. 2019 жылы 30 мың тонна сиыр етін экспорттау жос­парланып отыр. Отарлы мал ша­руашылығын дамыту мақ­сатында 2018 жылы 1873 (жос­пардың 259%-ы) құдық салынды, оның ішінде 1369 құдықты са­луға 6082 млн теңге субсидия берілді. Нәтижесінде 2244,4 мың гектар жайылым, оның ішінде 186,5 мың бас ірі қара мал, 531,6 мың бас ұсақ мал, 57,4 мың бас жылқы, 34,3 мың бас түйе су көзімен қамтамасыз етілді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қым­бат­тауына жол бермеу үшін көтер­ме-тарату орталықтарын салу жос­парланған. Көтерме-тарату орталықтары алдымен Қара­ғанды қаласында іске қосылады. 

Қаржы министрі Әлихан Смайылов экономикадағы мемлекет үлесін төмендету мақсатында биыл жекешелендірудің ке­шен­ді жоспары бойынша рес­пуб­ликалық, коммуналдық мен­­шік пен квазимемлекеттік сек­­тордың 123 нысанын сату мін­деті тұрғанын атап өтті. Пре­зиденттің жеке тұлғаларға ар­налған салық амнистиясы тура­лы тапсырмасын орындау аясын­да жол картасы әзірленген. Пар­ла­ментке түзетулер енгізудің жос­пар­ланған мерзімі – 2019 жыл­ғы наурыз; маусым айында заң­ды қа­былдау және жыл соңы­на дейін амнис­тияны аяқтау көзделген.

Кедендік әкімшілендіруді түбегейлі жақсарту бойынша тапсырмаларды орындау аясында ҚХР-мен арадағы кедендік статистиканың алшақтығын төмендету мақсатында алмасатын ақпарат құрамын кеңейту тұрғысынан өзгерістер енгізіледі.

Индустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек жергілікті желілердегі автомобиль жолдарын жақсы жағдайдан 90%-ға дейінгі дең­гейге жеткізу бойынша жұмыс­ты белсенді жүргізу аясында ми­нистрлік қымбат күрделі жоба­лардан ресайклинг эконо­ми­калық орташа әдісіне көшетінін атап өтті. 2019 жылы паритетті негізде республикалық және жер­гілікті бюджеттен 150 млрд теңге бөлу қарастырылған. Осы­лайша 2025 жылға қарай жер­гілікті желілердің жағдайы 90%-ға дейін жақсартылады. Сондай-ақ биыл АҚШ, Жапония, Қытай және әлемнің басқа да ірі қалалары бағыттары бойын­ша тікелей әуе қатынасын ашу жөнінде тиісті шаралар қабылданады.

Бюджеттік ұйымдардың қыз­меткерлері үшін бағдарламаның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй сертификаттарын беру мәселелері жөнінде тұрғын үй заңнамасына түзетулер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. «7-20-25», «Нұрлы жер» бағ­дар­ламаларына түзетулер енгі­зілді, Тұрғын үй-құрылыс жи­нақ банкінің қарыздарының бастапқы жарнасының мөл­шер­лемесі 30%-дан 20%-ға дейін тө­мен­детілді. «Нұрлы жер» бағдар­ла­масының шеңберінде бірін­ші қабаттарда әлеуметтік объек­тілерді орналастыра отырып, тұрғын үй құрылысын салу көз­дел­ген. Астана, Алматы және Шым­кент қалаларында жұмыс істей­тін жастар үшін 1 мыңнан кем емес жалға берілетін пәтер­лердің құрылысы басталады.

Өз кезегінде Сыртқы істер ми­нистрі Бейбіт Атамқұлов ведомство елімізде инвестициялық ахуалды жақсарту және қазақ­стандық экспортты ілгерілету жө­ніндегі жаңа шараларды әзір­леу жұмыстарына кіріскенін атап өтті.

«Мемлекеттің сыртқы ба­ғыт­тағы саяси міндеттерінің маңыздылығын төмендетпей, СІМ Қазақстанның халықаралық-эко­номикалық кеңістіктегі ұлт­тық мүдделерін қамтамасыз етуге қайта бағытталған. Үкіметтің кеңейтілген отырысының қоры­тын­дысы бойынша Мемлекет басшысының «инвестицияларды тартудың күрделі экожүйесін құ­ру» тапсырмасын жүзеге асы­­ру басталған болатын: инвес­­­ти­ция тарту үшін 40 басым ел анықталды, тиімділік көрсет­кіш­­тері әзірленді», деді Б.Атамқұлов.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев өз баяндамасында «Жас маман» бағдарламасы «Жастар – ел тірегі» ұлт жоба­сы­ның бір бөлігіне айналады және «100/200» қағидасы бо­йынша іске асырылады деді. Яғ­ни 200 оқу орны жаңа құрал­дармен жабдықталады, бұл – 3 жыл ішінде 100 сұранысқа аса ие мамандықтар бойынша 20 жоғары оқу орны және 180 колледж. Осылайша, 210 мыңнан астам білікті маман даярланады. Аталған оқу орындары білім берумен қатар, басқа оқу орындары үшін құзыреттілік орталығына айналады. Ол – 1-2 мамандық бо­йынша жа­ңа жабдықты, шетелдік әріп­тестермен коопе­рацияны, жаңа оқу бағдарламаларын көз­дейді.

Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау вице-министрі Свет­лана Жақыпова Мемлекет басшысының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры­нан берілетін әлеуметтік төлем­дер­дің мөлшерін арттыру бойын­ша тапсырмасын орындау үшін министрлік әлеуметтік төлем­дердің параметрлерін қайта қа­рау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Қазіргі уақытта әлеуметтік сақтандыру жүйесінде әлеуметтік қатердің үш түрі бойынша параметрлерді қайта қарау ұсынылады. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты бел­гі­ленеді.

Денсаулық сақтау вице-ми­нистрі Алексей Цой Мемлекет басшысы тапсырмалары бойын­ша бірнеше бағытта жұмыс жүр­гізіп жатқанын, соның бірі дәрілік заттардың қолжетімділігін арт­ты­ру шеңберінде дәрілік заттарды орталықтандыру жүргі­зіл­генін, электронды сатып алу арқылы сатып алу жүйесінің ашық­тығы қамтамасыз етілгенін, тегін дәрілерді беруді электронды есепке алу жолға қойылғанын айтты. Бұған қоса, SMS арқылы азаматтардың дәрі-дәрмектерді алуы туралы хабарландыру процесі іске қосылды. Сәуір 

айында дәрілік заттардың шекті бағалары бекітіледі.

Мәселені қорытындылаған Үкімет басшысы Бақытжан Сағын­таев Елбасы тапсырмасы бо­йынша атқарушы билік орган­­дарының алдында тұрған мін­дет­терді нақты белгілеп, сұрау­дың қатаң болатындығын ескертті.

Медицина жұмыскерлерінің практикалық даярлығын күшей­ту үшін Денсаулық сақтау министрлігі практикалық дағды­ландыруға назар аударуы тиіс.

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі Ұлт­тық экономика, Қаржы, Білім жә­не ғылым министрліктерімен бірге: жұмыс істеп жүрген адам­дарды үздіксіз оқытудың кешен­ді жүйесін іске қосуды (life-long learning) қамтамасыз етуі тиіс; жұмыс берушілермен ынты­мақтаса отырып, салықтық ше­ге­рімдерді кәсіпорындардың персоналын оқыту шығыстарына қол­дану мүмкіндігін зерделеуі қажет.

Ақпарат және коммуникация­лар министрлігі мүдделі мемле­кет­тік органдармен бірге: мемле­кеттік органдарда қазіргі бизнес-процестерді түбегейлі қайта қа­рау жөніндегі шараларды әзір­лесін, ең алдымен қағаздан бас тартып, 2020 жылдан бастап толық электронды құжат айналы­мына көшуі қажет; халыққа жүр­гізіліп жатқан реформалар туралы үнемі ақпарат беріп, кері байланысты қамтамасыз етуі қажет.

Ұлттық экономика минис­тр­лігіне Қаржы министрлігімен бір­ге әлеуметтік төлемдерді есеп­­теу және еңбекақы төлеу қо­ры­­нан бірыңғай төлем түрінде тө­леу тәртібін оңайлату тапсырыл­ды.

Индустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму министр­лігі Ден­саулық сақтау, Ауыл шаруа­шылығы министр­лік­терімен және «Атамекен» ұлттық кәсіп­кер­лер палатасымен бірге 2019 жылдың ортасына дейін «Сапалы Қазақстан» кешенді жоспарын әзірлеп қабылдасын.

Сонымен қатар Премьер-Министр Президент белгілеп берген міндеттердің бәрі нақ­ты орындалуы тиіс екенін атап өт­ті. Мемлекеттік орган­дар­дың бас­шыларына Мемлекет бас­шы­сының тапсырмаларын іске асы­ру бойынша ұсыныстарды Үкі­меттің ағымдағы жылғы жұмыс жоспарына қосу үшін Ұлттық экономика министрлігіне үш күн мерзімде енгізу тапсырылды.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Egemen Qazaqstan» 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Солтүстік Кореяның келесі қадамы қандай болмақ?

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу