Қысқы спорт • 06 Ақпан, 2019

АҚШ-та фристайлдан халықаралық турнир мәресіне жетті

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Страттон қаласында фристайлдан халықаралық турнир мәресіне жетті. Жарыс 2-3 ақпан күндері өткен деп жазады Olympic.kz. 

АҚШ-та фристайлдан халықаралық турнир мәресіне жетті

Ерлер арасындағы могул бәсекесінде Қазақстан атынан Олег Цин және Константин Горлычев қатысқан болатын. 

Қазақстандық спортшылар тиісінше 39-шы және 45-ші орыннан көрінді. 

Бұл бәсекеде тұғыр биігін тек америкалықтар бағындырды. Георгий Маккун жеңімпаз атанса, Беаургард Лан мен Хеймс Калман күміс пен қоланы бөлісті.

Параллельді могулда да біздің спортшылардың жолы болған жоқ. Горлычев 46-шы, Цин 63-ші орында.