Аймақтар • 06 Ақпан, 2019

«Радуга» серіктестігі сұранысқа ие 200-ден астам өнім түрін шығарады

556 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Металл-пластик бұйымдарын шығаратын кәсіпорын өткен жылы 1,5 миллиард теңгенің өнімін өндірді. 

«Радуга» серіктестігі сұранысқа ие 200-ден астам өнім түрін шығарады

Қазір мұнда 200-ден астам адам  еңбек етеді. Цехтар жаңартылып, заманауи құрылғылар орнатылғаннан кейін өндіріс көлемі екі есеге, өнім түрлері 30 процентке ұлғайып, қосымша 50 жұмыс орны ашылды. Биыл өңірлік Индустрияландыру картасы шеңберінде 894 миллион теңгенің жобасы жүзеге асырылады.

«Пластик бұйымдар шығарумен  2002 жылдан бері айналысып келеміз. Халық тұтынатын тауарлар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қажетті құбырлар мен металл өнімдерін өндіретін кешен іске қосылып, өндіріс орындары түгелге жуық автоматтандырылды. «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы шеңберінде  цехтар озық технологиялармен жабдықталды» дейді  металл-пластик зауытының директоры Евгений Ли.

Мұнда шығарылатын өнім түрлері сан алуан. Саптыаяқ, шелек, шара, ілгешек, киім кептіргіш, үтіктеуге арналған тақталар секілді тұрмыста кең қолданылатын заттардың кез келген түрі бар. Сапасы шетелдік баламалардан еш кем емес. Жергілікті шикізат пайдаланылатындықтан бағасы да қолжетімді.

Кәсіпорын өзінің дистрибьюциялық желісі арқылы өнімдерін Қазақстанның барлық өңірімен қатар Ресейдің бірқатар қаласына жөнелтеді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы