Әлем • 06 Ақпан, 2019

Жаңа Зеландияда 1780 гектар жер өртенген

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа Зеландияның Оңтүстік аралында өрт салдарынан 170 үйдің тұрғындары эвакуацияландырылған. Бұл туралы «Anadolu Ajans»  хабарлады.

Жаңа Зеландияда 1780 гектар жер өртенген

Жергілікті радио өрт Нельсон қаласының шетінде басталып Тасман өңіріне дейін жеткенін айтты. Тілсіз жау жалпы 1780 гектар жерді шарпып өткен.

Әзірге жаралылар мен жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өртті сөндіруге ұшақтардан басқа 16 тікұшақ және өрт сөндіру көліктері жұмылдырылды. Дегенмен өрт әлі де сөндірілмеген.