Аймақтар • 06 Ақпан, 2019

Маңғыстауда жастар форумы өтті

409 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Жастар жылы - жаңа мүмкіндіктер» облыстық жастар форумына қатысушылар өз жобаларын ұсынып, кейбірі бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін айтты. Осы орайда облыстық жастар тиісті мекемелермен бірлесе отырып 2019 жылға арналған жол картасы аясындағы 100 нақты шараны іске асырылатын болады.

Маңғыстауда жастар форумы өтті

-Жастар жылында аймақ жастарына қажетті және түсінікті шаралар қабылдауымыз қажет, олар 4 негізгі бағытты қамтуы тиіс, жастардың сапалы және қол жетімді білім алуы, жұмыс пен қамтылуы, тұрғын үй алуына мүмкіндіктер және отбасы құруына жағдай жасау. Биылдан бастап, жастардың сапалы білім алуы үшін облыс әкімінің арнайы гранттарының саны 150-ден 200-ге дейін артады. Атап айтқанда ағымдағы жылы «Диплом мен ауылға» бағдарламасы бойынша 221 жас ауылдық жерлерге тартылып, оларға көтерме ақы беріледі. «Жастар практикасы» жобасы арқылымыңнан аса жас жұмыс орындарына жолданып, одан әрі тұрақты жұмыспен қамту шаралары қабылданады. «Жасыл ел» бағдарламасы мен жаз айларында жұмыспен қамтылатын жастар саны 1500-ге жетпек. Жастар кәсіпкерлігін қолдау бағытында «Бастау бизнес» жобасы арқылы 800 жасты оқыту жоспарланған, деді аймақ басшысы Е.Тоғжанов.

Сонымен қатар,биылғы жылы өңір жастарын көптеген тың жобалар күтіп тұр. Атап айтсақ, жастарға патриоттық тәрбие беру, оларды қоғамдық-мәдени ортаға тарту мақсатында 500-ге тарта түрлі деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылады. Мәселен, 2 ірі халықаралық шара ұйымдастыру көзделіп отыр. Бірінші, тамыз айында Ақтау саммитінің 1 жылдығы аясында Маңғыстауға шекаралас мемлекет жастарының «Жастар достығы – 2019» форумы. Маусым айында «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың 7 қыры» мақалалары аясында «Өз тарихыңды танып біл» атты жастардың республикалық экспедициясы өткізіледі. Ауқымды экспедиция Маңғыстаудан бастау алып, одан әрі Атырау (Сарайшық, Исатай, Махамбет кесенелері), Орал (Бөкей орда), Ақтөбе (Қобыланды батыр кесенесі), Қызылорда, Ұлытау, Түркістан, Есік қорғаны, Астана қалаларын араламақ.Өңірдің жас ғалымдарын инвесторлармен таныстыру, оларды халықаралық көрмелерге қатыстыру және еңбегін таныту мақсатында және бір жоба қолға алынбақ. «Туған жер upgrade» Шерқала немесе Айрақты тауы етегінде өтетін көшпелі жастар кездесу-тренингі. Республика бойынша «100 жаңа есімге» енген, жетістікке жеткен тұлғалар шақырылады деп жоспарланып отыр.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар