Теннис • 06 Ақпан, 2019

Қазақстан теннисшілері Үндістанмен кездеседі

612 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан Федерация кубогының бірінші тобындағы, яғни Азия мен Мұхит жағалауы аймағы бойынша іріктеу жарысының алғашқы бәсекесінде Қазақстан құрамасы Таиландты ұтқаны белгілі.

Қазақстан теннисшілері Үндістанмен кездеседі

Өзінің келесі кездесуін енді біздің қыздар Үндістан құрамасына қарсы өткізеді. Бұл команданы да азулы деп айта алмаймыз. Бүгінгі таңда айтулы елдің ең үздік теннисшісі әлемдік рейтингте 165 орында тұр. Ол – Анкита Райна. Тағы екеуі WTA тізімінде «ТОП-300» ойыншының қатарына еніп отыр. Олар – Тханди Карман Каур (№211) мен Пранджала Ядлапали (№293). Үнді елінің тағы бір атап өтуге тұралық теннисшісі Бхсале Рутужа. Ол әлемдік рейтингте 350 орынды иеленуде.

Әрине, Үндістанға қарағанда Қазақстанның қыздары әлдеқайда қарымды. Біздің екі бірдей аруымыз «ТОП-100» ойыншының қатарында. Олар – Юлия Путинцева (№43) мен Зарина Диас (№96). Ал өзге отандастармыз мындай сатыларға жайғасты: Елена Рыбакина – 196, Анна Данилина – 368 және Гозаль Айнутдинова – 504.     

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»