Қазақстан • 06 Ақпан, 2019

Көп балалы отбасына қолдау көрсететін жұмыс тобы құрылды

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет жанынан еліміздің азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ, көп балалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Көп балалы отбасына қолдау көрсететін жұмыс тобы құрылды

Жұмыс тобына Премьер-Министрдің орынбасары Е.Досаев басшылық етеді. Оның құрамы «Нұр Отан» партиясының, әлеуметтік-экономикалық блок, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ішкі істер министрліктерінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұрады.

Жұмыс тобы екі ай ішінде Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет.

Комиссия жұмысына бейінді ҮЕҰ, сарапшылар мен жұртшылық өкілдері тартылады.