Қазақстан • 07 Ақпан, 2019

Димаштың The World's Best байқауындағы видеосы жарияланды

628 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желіде Димаш Құдайбергеннің америкалық The World's Best атты таланттар шоуында өнер көрсеткен бейнематериалы жарияланды.

Димаштың The World's Best байқауындағы видеосы жарияланды

Байқауда Димаш Қытайдағы I'm A Singer шоуында айтқан  S.O.S d'un terrien en détresse композициясын орындады.

Сарапшылар Димаш Құдайбергеннің өнер көрсеткенін тік тұрып тамашалап, қошемет көрсеткен.

«Көзімді жұмып тұрғанда, онда 8-10 адам ән айтып жатыр деп ойлар едім. Бір адамның өзі мұны қалай орындап шықты», - дейді актриса Дрю Бэрримор. «Бұл шеберлік пен табиғи дарын. Сен The World's Best шоуының құрылуына себепшісің», - деді актер Ру Пол Андре Чарльз. 

Мұның алдында Димаш Құдайберген бұл ол қатысатын соңғы байқау екенін айтқан еді.

Айта кетейік, бұл байқауға қазақстандық әнші қыз Данэлия Төлешова да қатысты. Шоудың басты жеңімпазы бір миллион доллар алады.