Қазақстан • 07 Ақпан, 2019

Астана клиникаларында үш жүзден астам шетелдік ем алды

675 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маркетингтік зерттеулерге сәйкес, шетелдіктерді кардиохирургия, нейрохирургия, трансплантология, репродуктивті медицина, стоматологиялық қызмет, ортопедия, сондай-ақ сауықтыру рәсімдері қызықтырады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана клиникаларында үш жүзден астам шетелдік ем алды

Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының мәліметі бойынша, отандық клиникалардың басты артықшылығы қазіргі заманғы медициналық технологиялар мен жаңа нысандар, медициналық қызметтердің арзандығы, сапа стандарттары (ұлттық және халықаралық аккредиттеу JCI), оңалту үшін бірегей табиғи көздері, тиімді географиялық орналасуында.

Сонымен қатар, Қазақстан – қауіпсіз тұрақты ел. Өткен жылы тоғыз жетекші клиникада 300-ден астам шетелдік ем алды. Шетелдіктерге кардиохирургиялық, нейрохирургиялық, трансплантологиялық, репродуктивтік, ортопедиялық және сауықтыру қызметтері көрсетілді»,– деп хабарлады ДСДРО-да. Астанада алты медициналық орталықтың JCI халықаралық аккредиттеуі бар. Оларға Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы, Республикалық диагностикалық орталығы, Балаларды оңалту ұлттық орталығы, «Ұлттық кардиохирургиялық орталық» АҚ, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ, ҚР ПІБ Медициналық орталық ауруханасы жатады. Бұл ұйымдарда әлемдік деңгейдегі дәрігер-мамандар жұмыс істейді.  

Осы орталықтардың медициналық қызметпен қамтамасыз ету мүмкіндігі жан-жақты. Шетелдік пациенттердің Қазақстандық медициналық ұйымдардың қызметі туралы, олардың жабдықталуы, ұсынылатын қызметтері мен білікті мамандары туралы ақпарат алуға ағытталған www.medicaltourism.kzбірыңғай онлайн порталы іске қосылған.