Аймақтар • 07 Ақпан, 2019

Ауыр атлеттер Таиландқа аттанды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Таиландтың Чангмай қаласында ауыр атлетикадан Олимпия ойындарының іріктеу санатына жататын халықаралық турнирдің жалауы желбіреді.

Ауыр атлеттер Таиландқа аттанды

Юрий Мельников жетекшілік ететін Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында бес зілтемірші өнер көрсетеді. Солардың арасында Ибрагим Берсанов (109 кило) мен Селимхан Әбубакаровтың (+ 109 кило) есімдері көпшілікке жақсы таныс. Екеуі де жасөспірімдер мен жастар буыны арасындағы жарыстарда жасындай жарқырап, ересектер додасында да талай мәрте жүлде алған сақа спортшылар.

Ал Лидия Ануфриева (59 кило), Нұрлыбек Сәменов (81 кило) және Әлихан Шайхидинов (102 кило) сынды жас өрендер үшін бұл үлкен тәжірибе мектебі болмақ.

Ұлттық командамыздың бас бапкері еліміздің белді ауыр атлеттерінің Тай еліндегі турнирге қатыспауының себебін олардың Азия чемпионатына даярланып жатқандығымен түсіндірді. 

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

 «Egemen Qazaqstan»