Қазақстан • 07 Ақпан, 2019

Ақтөбедегі өрт сөндіру қызметі дабыл жүйесін тегін орнатып жатыр

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде төтенше жағдайлар қызметі кәсіпкерлердің қолдауымен жеке үйлерге дабыл жүйесін тегін қондырып жатыр. Өрт қаупі күшейген кезде дабыл автоматты түрде іске қосылады. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА хабарлайды.

Ақтөбедегі өрт сөндіру қызметі дабыл жүйесін тегін орнатып жатыр

Ақтөбе облысы, Қобда аудандық төтенше жағдайлар қызметі кәсіпкер А.Абрештің қолдауымен көпбалалы отбасы мен қарияларға дабыл жүйесін қондырып жатыр. «Үйге автономды өрт хабарлағыштарын орнату - өрттің алдын алу тәсілдерінің бірі.

Егер үйде түтін болса, дабыл іске қосылып, қатты дыбыс шығарады. Дабыл жүйесі тегін орнатылды. Зейнеткерлер қайырымдылық көмекке ризашылықтарын білдірді. Ал бөлім қызметкерлері өрт сөндіру «датчиктері» туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, олардың әрекет ету принципін жеткізді. Өрт хабарлағыштары төбеге немесе қабырғалардың жоғарғы бөлігіне бекітіледі.

Дабыл жүйесіне электр желісі қажет емес. Тек жылына бір рет қуаттағыш батареяларды ауыстырып, шаңын сүрткен жөн. Тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайда адамдар ұйықтап жатып, жалын астында қалады. Бұл дабыл ұйқыдағы адамды оятуға арналған», - деп хабарлады Қобда аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.