Қазақстан • 07 Ақпан, 2019

Соңғы екі тәулікте «112» қызметіне әртүрлі сипаттағы 13 000 қоңырау келіп түскен

452 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына, атап айтқанда қатты аяз бен боранға (-37-39 С қатты аяз, боран, бұрқасын) байланысты 5-7 ақпан аралығында жедел штаб ұйымдастырды. 

Соңғы екі тәулікте «112» қызметіне әртүрлі сипаттағы 13 000 қоңырау келіп түскен

5 және 6 ақпанда «112» қызметіне әртүрлі сипаттағы 13 000 қоңырау (жолдардың жабылуы және сабақтың болмайтыны туралы 8000 ақпарат) келіп түскен.

5 ақпанда сағат 20.00-ден бастап Департамент бөлімшелері Астана-Қорғалжын, Астана-Қосшы, Астана-Көкшетау, Астана-Атбасар, Астана-Павлодар және Астана-Қарағанды бағыттары бойынша жоғары өтімді автомобильдермен (КУНГ) патрульдеу жұмыстарын жүргізді, 62 адам (оның ішінде 9 бала) қар құрсауынан шығарылды және 19 бірлік техника сүйреп шығарылды.

Астана қаласы Білім басқармасының шешімімен 1 және 2 ауысымдағы 0-11 сынып оқушыларына  және 1-2 колледждердін 1-2 курс студентері үшін сабақ болмайды. Барлық трасса бойынша жолдар ашық. Департаментпен 8 жылыту пукнтері дайындалған, онын ішінде 2-уі - Теміржол және сапаржайларда.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қала сыртына жол жүрмеуге және ауа райы күрт нашарлаған жағдайда мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырады. Қаладағы жағдай тұрақты және бақылауда. Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады:

- мұқият болыңыз, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалық тақталардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

- құрылыс объектілері халықты және аумақты қолайсыз ауа райы жағдайларының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдасын; мүмкіндігінше құрылыс объектілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының қызметін шектесін.