Қазақстан • 07 Ақпан, 2019

Қарағандыда белсенді өмір орталығы ашылды

471 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағандыда «Белсенді өмір» орталығы ашылды. Мұнда зейнеткерлер шахмат, дойбы ойнап, тілдерді және компьютерлік сауаттылықты меңгеріп, қолөнер шеберлігімен, фитнес және йогамен айналыса алады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағандыда белсенді өмір орталығы ашылды

Белсенді өмір орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде орналасқан. Мұнда зейнеткерлер үшін арнайы кабинеттер жабдықталған: шахмат ойнауға арналған үстелдер, шай ішетін үстелдер, лингафонды сыныптар және спортпен және бимен шұғылдануға арналған зал. 

- Біздің орталық 60 адамға шақталған, қазірдің өзінде 45 адам жазылып қойды. Аптасына бір рет барлығына ортақ бір шара өткізу жсопарланып отыр. Ал қалған күндері келушілер өздері таңдаған үйірмелерге барып отырады, - дейді орталық жетекшісі Раушан Құзғұмбаева. 

Үйірмелер мен секцияларды еркітілер жүргізетін болады. Ал орталықтың өзі Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының бастамасымен ашылған. Қажетті жабдықтарды сатып алуға меценаттар қаражат бөлді. 

- Спорт кез келген жаста қажет. Мен фитнеспен айналысқан кезде өзімді тамаша сезінемін – қан қысымым түзеліп, күш-қуатым артады, ешқандай дерт мазаламайды. Қазір өзіммен қатарлас жандармен тегін түрде спортпен шұғылдануға болатынын естігенде, әрине тіркелдім. Біздің қаламызда осындай орталық құрғанына қатты қуаныштымын, - дейді зейнеткер Фарида Хаджаева. 

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қадиша Оспанованың айтуынша, жазда орталық мүшелеріне облыстың киелі жерлеріне саяхат ұйымдастырылады. Сонымен қатар келешекте зейнеткерлер үшін бассейнге және жаттығу залдарына абонемент беріледі деп жоспарлануда. 

Егде жастағы адамдарға арналған үйірмелер кестесі жақын арада пайд болады. Оны зейнеткерлердің тілектерін ескере отырып құрады. Шахмат ойнына арналған кабинет жұмыс күндері 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Үйірмеге жазылу үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйіне, 108-ші кабинетке келу керек.