Қазақстан • 08 Ақпан, 2019

Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес құрылды

582 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясының жанынан Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес құрылды. Осылайша, партия көп бала­­лы отбасыларға жүйелі қолдау көр­се­тіп, өскелең ұрпақтың құқықтары мен заң­дық мүдделерін қорғауды одан әрі жанданды­руды қолға алмақ.

Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес құрылды

Кеңестің алғашқы жұмыс отырысы өтіп, онда алдағы мақсаттар мен міндеттер нақтыланды. Жи­ын­ды ашқан «Нұр Отан» пар­­тия­сы Төрағасының бірінші орын­басары Мәулен Әшімбаев бұл іс Мемлекет басшысының тап­сыр­ма­сымен қолға алынғанын айтты.

– Кеңес Елбасының тікелей тапсырмасымен құрылып отыр. Жалпы, бұл мәселе біраздан бері көтеріліп, осыған дейін дайындық жұмыстары жүргізіліп келгенін атап өткен жөн. Басты мақсат – балалардың құқықтары мен мүдделерін жан-жақты қорғап, олар­дың қажеттіліктерін қамта­масыз ету. Осы бағытта Үкімет­пен, жергілікті атқарушы орган­дармен және үкіметтік емес ұйым­дармен бірлесіп жұмыс істей­міз. Бұл іске жетекші саяси күш ре­тінде партияның барлық әлеу­еті, яғни Мәжіліс пен барлық дең­гей­дегі мәслихаттардағы пар­тия фрак­циялары, аймақтық жә­не аумақ­тық партия филиалдары жұмыл­дырылады. Әр филиал­да жауап­ты адам бекітіліп, Кеңес жұ­­мы­сының жүйелі түрде жүргі­зі­луін қам­тамасыз етеді, – деді М.Әшім­баев.

Сонымен қатар ол Кеңестің қызмет аясын кеңейту мәселесіне де назар аударды.

– Балалар құқығын қорғаумен бірге, Кеңес қызметінің аясын кеңейтіп, көп балалы отбасыларға қолдау көрсету, жұмыс істейтін көп балалы аналарға лайықты жағ­дай жасау сияқты өзекті мәсе­лелерді де қамтудың маңызы зор. Осы бағытта да тиімді ұсыныстар даярлауымыз керек, – деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.

Өз кезегінде аталған Кеңес төр­ағасының орынбасары, «Балалар құқығын қорғау» қоғамдық қоры­ның құрылтайшысы Динара За­киева қазіргі таңда балалар құқы­ғын қорғау жұмыстары көбіне сал­дармен күрес сипатында жүр­гізіліп келе жатқанын айтты.

– Біз көбіне келеңсіздіктердің салдарымен күресіп келеміз. Сондықтан Кеңестің жұмысында ең алдымен алдын алу шараларына басымдық беріп, алдымызға осы бағытта кешенді іс жүргізуді бас­ты міндет етіп қойып отырмыз, – деді Д.Закиева.

Жаңа консультативтік-кеңес­ші орган құрамына Парламент Мәжі­лісінің депутаттары, мемле­кеттік органдар мен үкімет­тік емес ұйымдар өкілдері, сала­лық сарапшылар мен қоғам қайрат­кер­лері мүше болды. Кеңес мүше­лерінің шешімімен оның төраға­лығына «Нұр Отан» партиясы Тө­р­ағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев сайланды.

Жиын барысында «Taiburyl» қоғамдық қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов, «Әр бала отбасымен бірге болуы керек» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Шолпан Байболова, «Best for Kids» қоғамдық қоры­ның вице-президенті Эмин Ас­керов, ЮНИСЕФ-тің балалар құ­қығын қорғау жөніндегі бағдар­ламасының үйлестірушісі Татьяна Адерхина және басқа да жиынға қатысушылар сөз алып, балалар құқығын қорғау мәселесіне қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.

Жиынды қорытындылаған М.Әшімбаев еліміздің жарқын болашағы үшін бұл істің маңызы зор екенін айтып, барлық мүдделі тарапты бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

– Алдымен бүгінгі отырыс­та айтылған ұсыныстарды ес­керіп, жұмыс жоспарының жо­басын бекітіп алуымыз керек. Сонымен бірге қазірдің өзін­де көптеген үкіметтік емес ұйым және белсенді азаматтар Ке­ңеспен бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытуда. Кейбір жобаларымызды жер­гілікті жерлерде жүзеге асырудың да ұтымды жолдарын пысықтап ал­ған жөн. Сондықтан Кеңес мү­ше­лері бүгін талқыланған мәселе­лерді жан-жақты зерделеп, сол бо­йынша өз ұсыныстарын жол­дауы тиіс, – деді Мәулен Әшімбаев.

Осылайша «Нұр Отан» партия­сы еліміздегі балалар құ­қы­ғын қор­ғау мәселесін түбегейлі қайта қарап, осы бағыттағы заң­на­ма­лар­ды талдап, жас буын­ның заң­дық мүдделерінің бұзыл­мауын қам­тамасыз етуге ден қойып отыр.

Жолдыбай БАЗАР,

«Egemen Qazaqstan»