Қазақстан • 08 Ақпан, 2019

Астанада автокөлік шамдарын ұрлаған күдікті азамат ұсталды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәртіп сақшылары түнгі уақытта автокөлік шамдарын ұрлады деген күдікпен 25 жастағы ер адамды тұтқындады. 

Астанада автокөлік шамдарын ұрлаған күдікті азамат ұсталды

Полиция департаментінде белгілі болғандай, ер азамат бұл жолы Volkswagen Touareg көлігінің шамдарын ұрлап кетуге тырысқан. Көлік иесі өз машинасын көппәтерлі үйдің жанында қараусыз қалдырған көрінеді. Қаскөй автокөліктің алдыңғы шамдарын шешіп алған.  Осылайша, келтірілген залалдың жалпы сомасы 150 мың теңгені құрады.

Ұрланған фараларын полиция тәркіледі. Күдікті Астананың УҰО-на қамалды. ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тұтқындалған азаматтың осыған ұқсас екі оқиғаға қатысы бар екендігі дәлелденді. Ведомство атап өткендей, ер азамат өткен жылы автокөлік фараларын ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Бағалы заттарды көлікте қалдырмаңыздар, күзет дабылын орнатып, автокөліктерді күзетілетін автотұрақтарға және автопаркингтерге қойыңыздар. Сондай-ақ, қатты аяздарға байланысты кілтті көлікте қалдырмауларыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.