Аймақтар • 08 Ақпан, 2019

Қарағанды облыстық ТЖ департаментінде жедел штаб құрылды

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында ауа райының күрт суытып, кей жерлерде температураның -40 градусқа дейін төмендеуіне байланысты төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің құрылымдары қызмет көрсетудің күшейтілген түріне ауыстырылды.

Қарағанды облыстық ТЖ департаментінде жедел штаб құрылды

Атап айтқанда, мекеменің дағдарыс орталығында облыстағы барлық төтенше оқиғалар туралы ақпарат алып отыратын жедел штаб құрылды.

         Қазіргі таңда құтқарушылардың қарамағында жол талғамайтын 64 бірлік техника бар. Олар аязды күні жұмыс істеуге сақалай сай. Қажет болған жағдайда құтқарушылар облыстық денсаулық сақтау басқармасының омбы қарда  және ми батпақта тоқтаусыз жүре алатын үш көлікті де жұмылдыра алады. Қазіргі уақытта бұл техника Қарқаралы қаласында және Ботақара, Ұлытау кенттерінде тұр.

Сонымен қатар, «ҚазАвияҚұтқару» АҚ бөлімшелерінің тікұшақтары Қарағанды, Жезқазған және Балқаш қалаларының әуежайларында кез келген уақытта ұшуға дайын тұр.

Жедел-құтқару топтарымен үнемі байланыста болу үшін Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Қарқаралы қалаларында және Нұра, Атасу, Ақсу-Аюлы кенттерінде 10 серіктік терминал орнатылған.

Сонымен қатар 7 трассалық медициналық-санитарлық бекет пен 28 жылынатын орын күшейтілген режімде жұмыс істеуге дайын.

Құтқарушылар пешпен жылытылатын жер үйлердің тұрғындарына өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды, пеш мұржалары мен құдықтарын күйеден уақтылы тазартып отыруды және отқа тез жанатын заттар салмауды ескертеді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды