Спорт • 08 Ақпан, 2019

Қанат Ислам шаршы алаңға қашан оралады?

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылдың қыркүйегінен бері жұдырықтаспаған қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) жақында рингке оралады. Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz порталына берген сұхбатында осындай пікір білдірді.

Қанат Ислам шаршы алаңға қашан оралады?

«Қанат Исламның жарақатына байланысты барлық мән-жайды білмеймін. Былтыр көріскенбіз. Ол кезде жаттығуларға кіріскелі жүрген. Жарақат салдарынан осынша уақыт жоғалтып алғаны өкінішті. (...) Тезірек сауығып кетуін тілеймін. Рухы мықты жігіт. Көптеген қиыншылықты басынан өткерді, алайда, оны әлі рингтен көреміз деген ойдамын. Ол соңғы сөзін айтқан жоқ», - дейді Демьяненко.

салайық, Ислам 2017 жылдың 9 қыркүйегінде алғашқы орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA белбеулері үшін Астанада канадалық Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсіргеннен кейін жұдырықтасқан жоқ. Оның келесі жекпе-жегі 23 маусым Лос-Анджелеске белгіленген еді, алайда, қазақстандық аяғын жарақаттап алды.

 Боксшы наурызда жекпе-жек өткізу жоспары туралы айтқан, алайда, оның жаттығу лагері жарақаттың толық емделмеуіне байланысты кейінге шегерілді. Таяуда Қанат Исламның рингке оралуы неге шегеріліп жатқаны белгілі болды.