Медицина • 08 Ақпан, 2019

Арын Орсариев: Жастар кәсіпкерлікпен айналысуға көңіл бөлуі керек

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің «Маңызды» сараптамалық алаңында жастарды жұмыспен қамту және стартаптарға назар аударуға байланысты «Жастар және Start up» тақырыбында сараптамалық пікірталас өтті.

Арын Орсариев: Жастар кәсіпкерлікпен айналысуға көңіл бөлуі керек

Еркін пікірталас форматында цифрлық даму саласындағы әлемдік тәжірибе, жас IT-дарындыларды тәрбиелеу және оқыту, қазіргі заманғы технологиялық жүйелерді дамытудағы қаржылық тұрақтылық, сондай-ақ инновациялық жобаларға инвестициялау мәдениетін дамытудың маңыздылығы туралы пікірлер айтылды.

«Жастар кәсіпкерлікпен айналысуға көңіл бөлу керек. Сондай-ақ, электрондық коммерция мен маркетинг дағдыларын дамытуы керек. Бұл жерде әрбір стартап жастар үшін дағдыларды игеру мен жетістікке жету үшін маңызды алаң», - дедіБілім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев.

Сонымен қатар, бүгінгі заманауи еңбек нарығына жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және кәсіпкерлік дағдылары бар қызметкерлер қажет екенін де атап өтті.

«Қазіргі уақыт - IT- стартаптардың Facebook, Google және т.б. компаниялар дәлелдеп бергендей санаулы жылдардың ішінде миллиардер компанияға айнала алатын жаңа технологиялар заманы. Стартаптарды дамыту үшін инвестиция тартудың ICO - Initial Coin Offering деп аталатын тәсілі бар. Біз стартаптарға инвестиция тарту үшін платформа құрдық, шағын және орта бизнесті цифрлауға болады. Халықаралық деңгейде даму үшін бізге озық жастардың қоғамын құру өте маңызды», - деді Қазақстан Республикасы цифрлық технологиялар және криптоиндустрия қауымдастығының вице-президенті, Crowdsale Network платформасының негізін салушы Ерлан Шайхымбаев «Маңызды» сараптамалық алаңында.