Қазақстан Елшісі Венгриямен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы айтып берді

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Венгрия және Сербия мен Македонияда қоса атқарушы елшісі Нұрбах Рүстемовтың Қазақстан-Венгрия қатынастарының жай-күйі мен перспективалары туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті. 

Егемен Қазақстан
08.02.2019 8836
2

Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде Венгрияның Қазақстандағы Елшісі Андраш Барани және Сербияның Қазақстандағы елшісі Владан Матич қатысты.

«2019 жылы Астана мен Будапешт арасындағы стратегиялық серіктестіктің орнағанына 5 жыл толып, бүгінгі күні жаңа серпін алуда. Қазақстанмен осындай ынтымақтастық деңгейіне ие Венгрия Орталық және Шығыс Еуропаның бірден-бір елі», - деп атап өтті елші.

Мемлекет басшысының инвестициялық және экспорттық саясат саласындағы Сыртқы істер министрлігіне берілген жаңа тапсырмаларын ескере отырып, Қазақстан-Венгрия ынтымақтастығы үлкен перспективаларға ие. Бүгінгі күні Қазақстанда венгр капиталының қатысуымен шамамен 50 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, Қазақстан-Венгрия іскерлік кеңесі жұмыс істейді, қажетті құқықтық база қалыптасқан.

Қазақстандық дипломат 2018 жылы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың нәтижелері туралы да мәлімдеді. Қазақстан - ТМД елдері арасында (Ресей, Украина және Беларусьтан кейін) Венгрияның төртінші сауда серіктесі. 2018 жылдың 10 айында екіжақты сауданың көлемі 124,7 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт - 24,0 млн., импорт - 100,7 млн.).

Жарғылық капиталы 40 млн. АҚШ доллар құрайтын 2016 жылы ашылған Қазақстан-Венгрия Ауылшаруашылық тікелей инвестициялар қоры 2018 жылы әрқайсысы 10 млн. доллар бюджетпен екі жобаны қаржыландырды - Ақтөбе облысындағы жылыжай кешені (жобалық қуаты жылына 1500 тонна көкөніс өсіру) және Оңтүстік Қазақстандағы алма бақтарын құру, қоймалардың құрылысы және жабдықтарды жеткізу (алаңы 300 гектар).

2017 жылғы 8 маусымда ашылған Астана мен Будапешт арасындағы тікелей әуе қатынасы екіжақты байланыстардағы маңызды оқиға болды. Ресми тасымалдаушы ретінде «Wizz Air» венгр компаниясы белгіленді. Содан бері 40 мыңнан астам әуе жолаушысы тасымалданды.

Н. Рүстемов ағымдағы жылдың жоспарларымен бөлісті, атап айтқанда, 5-6 наурызда Будапештте Қазақстандағы нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылайтын екі елдің іскер топтар өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізілетінін айтты.

Биылғы жылы Астана экономикалық форумына қатысатын Венгрияның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртоның сапары да күтілуде.

Венгрияның Мемлекеттік жиналысының төрағасы Ласло Кевер Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің Төртінші кеңесіне қатысуын алғашқы болып растады (Астана, 23-24 қыркүйек).

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды, онда екі елдің өнер қайраткерлері, ғалымдары мен спортшылары Қазақстан мен Венгрияда өткізілетін түрлі мәдени және спорттық іс-шараларға белсене қатысады.

2019/2020 оқу жылынан бастап Венгрия Үкіметі бакалавриат, магистратура және докторантураға 250 грант бөлді. Бүгінгі күні Венгрияда «Stipendium Hungaricum» бағдарламасы бойынша 50-ден астам елден студенттер оқиды, оның ішінде 500-ден астам қазақстандық та бар.

Н. Рүстемов сондай-ақ Сербия және Македониямен екіжақты қарым-қатынастардың өзекті саяси, экономикалық, мәдени және ғылыми-ағартушылық өзара іс-қимылдарының барлық салаларына қатысты өз бағаларын берді.

«Қолданыстағы экономикалық дипломатия» тақырыбы бойынша өткен брифинг Қазақстанның шетелдегі елшілерінің БАҚ өкілдерімен арнайы кездесулердің алғашқысы болды. Сыртқы істер министрлігінің бұл бастамасы шет елдермен сыртқы саясат пен сыртқы экономикалық байланыстардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, осы қызметтегі еліміздің шетелдік мекемелерінің рөлі туралы ақпараттандыруға бағытталған.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу