09 Ақпан, 2019

Түркістанда құрылыс екі ауысыммен жүргізіледі

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістанда облыстық әкімдік пен басқармалар және департаменттерге арналған ғимараттар салынуда. Әкімшілік-іскерлік орталығындағы 48,4 гектар аумаққа бірінші кезекте салынуы тиіс 13 нысанға жер телімдері толығымен босатылған. 

Түркістанда құрылыс екі ауысыммен жүргізіледі

Сондай-ақ, Түркістан қаласының рухани-мәдени аймағында «ҰӘҚ Самұрық қазына» АҚ-ы тапсырысымен Қожа Ахмет Ясауи мұражайының, 7000 орынға шақталған стадионның құрылысы қарқынды жүргізілуде. «Ұлы Дала елі» орталығында және көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысында да жұмыс қызу.  Құрылыс нысандарын аралап шыққан облыс әкімі Ж.Түймебаев жұмысты ширатуды тапсырды. "Әкімшілік іскерлік орталықтағы барлық ғимараттардың құрылысын қарқындату керек. Екі ауысыммен, 12 сағаттық жүйемен жұмыс істеу қажет. Құрылысты межеленген жоспар бойынша  аяқтауды тапсырамын",- деді облыс әкімі.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы