09 Ақпан, 2019

Түркістан облысында бір отбасы иіс тиіп қаза тапты

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келес ауданы Қошқарата ауылдық округіндегі Бескұбыр ауылында қайғылы оқиға орын алды.

Түркістан облысында бір отбасы иіс тиіп қаза тапты

Ауылдағы жас  отбасы, отыздан асқан отағасы мен жұбайы 2015 және 2016 жылғы екі баласымен көз жұмды.  Газбен қамтамасыз ету ұйымының хабарлауынша, қайғылы оқиға 8 ақпанда болған. Төтенше жағдай орын алған үйге келген жедел жәрдем қызметкерлеріне отбасы мүшелерін аман алып қалу мүмкін болмады. Газ саласы мамандарына бұл жағдай туралы аудандық аурухананың дәрігері хабарлаған. Мамандар мұржадағы ақаудан түтін мен иістің сыртқа толық шықпағанын айтып отыр. Қазіргі таңда оқиғаның себептерін тиісті орындар анықтауда.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы