Спорт • 09 Ақпан, 2019

Шахматтан әлем чемпионаты Астанада өтеді

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4-15 наурыз аралығында Астанада шахматтан ерлер мен әйелдер арасында командалық әлем чемпионаты өтеді. 

Шахматтан әлем чемпионаты Астанада өтеді

Айтулы жарысқа әлем және құрлық чемпиондарынан бөлек, ФИДЕ рейтингінде ең жоғары орындарды иеленіп отырған алты мемлекеттің өрендері қатысады. Тарқатып айтсақ, ерлер сайысында Қазақстан, Қытай, Әзірбайжан, Иран, АҚШ, Египет, Ресей, Польша, Англия және Үндістан құрмалары күш сынасса, әйелдер бәсекесінде Қазақстан, Ресей, Қытай, АҚШ, Египет, Украина, Грузия, Венгрия, Армения және Үндістан командалары шеберлік байқасады. Бәсекелер айналмалы жүйе бойынша өтіп, барлығы 9 кезеңді құрайды.

Ерлер бәсекесінде Қазақстанның туы астында Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажығалиев, Әнуар Исмағамбетов және Денис Махнев және Петр Костенко өнер көрсетсе, әйелдер сайысында Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік, Гүлісхан Нақбаева, Гүлмира Дәулетова және Мадина Дәулетбаева ел намысын қорғайды.

Астанадағы әлем чемпионатын тамашалау үшін Нейджел Шорт, Юдит Полгар, Фабиано Каруана, Сергей Карякин және тағы басқа шахмат жұлдыздары келеді деп күтілуде.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»