Президент • 09 Ақпан, 2019

Мемлекет басшысы «Евгений Онегин» операсына барды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті «Астана опера» театрының бас дирижері А.Бөрібаев пен италиялық қоюшы режиссер Д.Ливермор қойған П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсының премьерасын көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы «Евгений Онегин» операсына барды

Спектакльдің басты партияларын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының опера әртістері А.Исаев, Т.Мұсабаев, Г.Чеплакова, А.Ниязова, М.Шотабаев, Ж.Тапин, Д.Хамзина, Т.Вицинская және басқалары орындады.

Қойылымды тамашалау барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Үлкен театрының бас директоры В.Уринмен әңгімелесті.