Бокс • 10 Ақпан, 2019

Қазақстан боксшылары Иштван боскай турнирінде 3 алтын жеңіп алды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Боскайды еске алуға арналған 63-ші халықаралық турнир аяқталды. Қазақстан құрамасы аталған сында 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан боксшылары Иштван боскай турнирінде 3 алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы сапынан 52 келідегі Сәкен Бибосынов, 60 келідегі Серік Теміржанов және 75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет жеңімпаз атанды. 

56 келіде жұдырықтасқан Оразбек Асылқұлов күміс жүлдегер атанса, 64 келідегі Сабыржан Бекбергенов турнирдің қола медаліне қол жеткізді.

Турнир қорытындысы бойынша, үздік боксшы атағын Қазақстан құрамасының мүшесі Серік Теміржанов иеленді. 

Еске сала кетейік, бұл Қазақстан боксшыларының биылғы маусымдағы алғашқы ресми жарысы.