Спорт • 10 Ақпан, 2019

Зілтемірші Нұрлыбек Сәменов Таиландтағы Халықаралық турнирде топ жарды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық зілтемірші Нұрлыбек Сәменов Таиландта өтіп жатқан рейтингілік турнирде жеңімпаз атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Зілтемірші Нұрлыбек Сәменов Таиландтағы Халықаралық турнирде топ жарды

Сәменов 81 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (153+180) келіні бағындырды. 

Сондай-ақ, біздің спортшы жұлқа және серпе көтеруде де үздік шыққанын айта кету керек. 

Бұл Нұрлыбек Сәменовтің ұлттық құрама сапында қатысып отырған алғашқы халықаралық жарысы.