Спорт • 11 Ақпан, 2019

Парижде үш жүлде алдық

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның астанасы – Парижде дзюдодан Grand Slam турнирі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстанның балуандары үш жүлдеге қол жеткізді.

Парижде үш жүлде алдық

Айтулы доданың алғашқы күні аса жеңіл салмақтағы Елдос Сметов күміс медальді иеленсе, Отгонцецег Галбадрах қола жүлдені олжалағаны жайында біз баяндағанбыз. Одан кейін Ислам Бозбаев өз жанкүйерлерін қуантты. 90 кило салмақта белдескен қандасымыз германиялық Эдуард Триппел, молдовалық Юрий Мокану, жапониялық Шойхиро Мукай және израильдік Ли Кошманды қапы қалдырып, финалда Оңтүстік Кореяның жұлдызы Донгхан Гвакқа есе жіберді. Исламға бұйырғаны күміс медаль.

Жарыс жеңімпаздары

Ерлер: 60 кило – Наохисо Такато (Жапония), 66 кило – Денис Виеру (Молдова), 73 кило – Сойши Хашимото (Жапония), 81 кило – Доменик Рессел (Германия), 90 кило - Донгхан Гвак (Оңтүстік Корея), 100 кило – Варлам Липартелиани (Грузия) және +100 кило – Ким Сунгмин.   

Әйелдер: 48 кило – Ами Кондо (Жапония), 52 кило – Аи Шишиме (Жапония), 57 кило – Криста Дегучи (Канада), 63 кило – Кларисс Агбегненоу (Франция), 70 кило – Юко Оно (Жапония), 78 кило – Маделеине Малонга (Франция) және +78 кило -  Идалис Ортис (Куба).  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше