Қысқы спорт • 11 Ақпан, 2019

Шорт-тректен туриндегі әлем кубогі: қыздар командасы эстафетадан үздік алтылыққа енді

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның Турин қаласында шорт-тректен әлем кубогінің биылғы маусымдағы соңғы кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстан спортшылары жүлдеге іліге алған жоқ деп хабарлайды Olympic.kz.

Шорт-тректен туриндегі әлем кубогі: қыздар командасы эстафетадан үздік алтылыққа енді

Кубоктік кезеңдегі ең үздік нәтижені қыздар командасы тіркеді. 

Эстафетада (3000 метр) сынға түскен Әлия Ким, Анастасия Крестова, Әсел Тайшыманова мен Ольга Тихоноважалпы есепте алтыншы орын иеленді. 

Аралас эстафетада Қазақстан құрамасы 9-шы сатыдан көрінді. Ал ерлер арасындағы эстафеталық бәсекеде біздің команданың жолы болған жоқ. Төрешілер ереже бұзғаны үшін спортшыларды жарыстан шеттетті.

Еске сала кетейік, Туриндегі әлем кубогі кезеңіне ұлттық құрама үздігі Абзал Әжіғалиев қатысқан жоқ. Ол аяғының жарақатына байланысты екі бірдей жарыстан сырт қалып отыр.