Аймақтар • 11 Ақпан, 2019

Түркістан облысында үшем өмірге келді

558 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының 29 жастағы тұрғыны Әбдалиева Жадыра Заманқызы үшемді дүниеге әкелді.

Түркістан облысында үшем өмірге келді

Үшеуі де ұл бала. Аян, Саян, Аман есімді үшем 23 қаңтар күні Түркістан облыстық №1 перинатальды орталықта дәрігерлердің көмегімен кесарь тілігі арқылы өмірге келген. Дүние есігін ашқан сәтте салмақтары 1700-2100 грамм болған сәбилер бүгін перзентханадан шықты. Үшемнің анасы Жадыра Заманқызы үй шаруасында болса, әкесі коммуналдық шаруашылық саласында жұмыс істейді. Үшем отбасының тұңғыштары екен.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы