Аймақтар • 11 Ақпан, 2019

Қазақстандық кәсіпкерлерге субсидия үшін 30 млрд теңге бөлінді

408 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпкерлерге субсидия беру үшін 30 млрд теңге бөлінді. Бұл – «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы Басымдық берілген жобалардың жалпыұлттық жоспары» бойынша қолжетімді несие механизмін жүзеге асыруды көздейді, деп хабарлайды «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ баспасөз қызметі. Осылайша «Даму» Қоры қолжетімді несие механизмін жүзеге асыруға кірісті.

Қазақстандық кәсіпкерлерге субсидия үшін 30 млрд теңге бөлінді

Осы мақсатта екінші деңгейлі банктер Ұлттық банк пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есебінен 600 млрд теңге алады.

Сырттан тартылған және банктердің өз қаражаты келесі бағыттар бойынша басымдық берілген жобаларды қаржыландыруға бағытталады:

Яғни, агроөнеркәсіп кешеніндегі өңдеуге – 100 млрд теңге, агроөнеркәсіп кешеніндегі өндіріске – 100 млрд теңге, Өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласы – 400 млрд теңге бөлінеді.

Өз кезегінде екінші деңгейлі банктерге қаржы салудың негізгі талаптары төмендегідей болады:

ЕДБ өз капиталының минимал шегі – кем дегенде 60 млрд теңге;

 Берілген несиенің жалпы жалпы сомасынан кем дегенде 17 пайызы ШОБ жобаларын қаржыландыруға жұмсалады.

Жобаларды Даму Қоры арқылы субсидиялау тек өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету және Агроөнеркәсіп кешеніндегі өңдеу саласындағы жобаларға ғана қатысты. Бұл жобалар «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының қазіргі кездегі талаптарына сай келуі керек.

Кәсіпкерлерді қаржыландырудың негізгі талаптары:

Борышкерлер несиесінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылына 15%-ға дейін;

Субсидия көлемі – номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 7 пайызы;

Бір борышкерге берілетін лимит – шексіз;

Инвестиция үшін алынған несиені субсидиялау мерзімі – 7 жылға дейін;

Қаражат:

 – айналым қаражатын толықтыру мен инвестицияға;

  – қайта қалпына келетін негіздегі айналым қаражатын толықтыруға беріледі.

 «Аталған механизмді жүзеге асыру барысында субсидиялау құралдарын дамытуға Қор 30 млрд теңге алады. Осының арқасында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі және агроөнеркәсіп кешені саласын дамытып, жаңғыртуға бағытталған жобалар қаржыландырылады», – деді «Даму» Қорының Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов.

Қолжетімді несие механизміжеке кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде экономиканың Қазақстан өңірлері үшін басымдық берілген салаларындағы жобалардың дамуына серпін береді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ