Қазақстан • 11 Ақпан, 2019

Е. Досаев еліміздің бірқатар өңірін аралады

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының биылғы 30 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев жұмыс сапары аясында Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында болып қайтты.

Е. Досаев еліміздің бірқатар өңірін аралады

Сапар барысында Е. Досаев әлеуметтік инфрақұрылым нысандарымен танысып, экономиканың нақты секторын сауықтыру және өңірлерде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Жұмыс сапарлары барысында трансформатор зауыты, машина жасау кәсіпорындары, роботты дәнекерлеу әдістерін қолдана отырып металл құрастырылымдарын шығару, керамогранит пен керамика плиталар шығару секілді өнеркәсіптік нысандар, сондай-ақ жүнді алғашқы өңдеу және жүннен тоқылған бұйымдар шығару кешені тексерілді.

Білім беру және денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасына назар аударылды. Осы мақсатта ауылдық жерлердегі дарынды балаларға арналған интернат, студенттік жатақхана, кәсіптік техникалық білім беруге жаңа технологиялар енгізіліп жатқан аграрлық-техникалық колледж, сондай-ақ көпбейінді емхана мен салынып жатқан перинаталды орталық тексерілді.

Өңірдің активімен кездесулерде индустрияландыруды дамыту қорытындылары талқыланды, әсіресе, өңдеуші сектор жұмыстары, сондай-ақ Мемлекет басшысының халықтың табысы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты экономиканы сауықтыруға және бизнесті дамытуға қатысты тапсырмаларын орындау сапасы талқыланды. Бұдан өзге, әлеуметтік салада жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырып жатқан жұмыстар қаралды.