Үкімет • 12 Ақпан, 2019

Қ.Бозымбаев: Су тасқынына дайындық үшін 2 мыңнан астам арнайы техникамен жабдықталған жедел бригадалар құрылды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев энергетика саласының су тасқынына дайындығы туралы хабарлады.

Қ.Бозымбаев: Су тасқынына дайындық үшін 2 мыңнан астам арнайы техникамен жабдықталған жедел бригадалар құрылды

Оның айтуынша, атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері өңірлерде энергия кәсіпорындарымен және жергілікті атқарушы органдармен кеңестер өткізді. Осы кеңес қорытындылары бойынша су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданған.

«Еліміздің энергокәсіпорындары су тасқыны кезеңіне дайындықты қамтамасыз ету мақсатында 2 мыңнан астам арнайы техникамен жабдықталған жедел бригадалар құрды. Қаптағы инертті материалдар 56 мың дана, жана-жағармай қоры 360 мың тоннаны құрайды» дейді Энергетика министрі.

Энергокәсіпорындар нөсер кәрізін тазалауға, кабельдік тоннельдер және каналдардың, май сақтау орындары, су басу аймағында болуы мүмкін электр беру желілерінің жай-күйін тексеруді қолға алды. Сонымен қатар өзен арқылы өтетін электр беру желілерін тексеру және авария болған жағдайда қалпына келтіру үшін қажетті құрал-жабдықтардың (жабдық, қиыршық тас, құм) қоры жасалуда.

Бұдан басқа, Министрлікте осы жылдың 15 ақпанында мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен, "KEGOC", "Самұрық-Энерго", «Қазақстан Темір жолымен», энергетикалық ұйымдармен бірлесіп салалық селекторлық кеңес өткізуді жоспарланғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар