Спорт • 12 Ақпан, 2019

Кукушкин екінші кезеңге шықты

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Голландияның Роттердам қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде күш сынасуда.

Кукушкин екінші кезеңге шықты

Жүлде қоры 2 098 480 евроны құраған жарыстың алғашқы айналымында жерлесіміз корт қожайыны Робин Хасені 6:2, 7:6 есебімен ұтты. Енді ол Дамир Джумхур (Босния мен Герцеговина) мен Стефанос Циципас (Грекия) арасындағы бәсекенің жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Қазірдің өзінде осы турнирдің екінші айналымына шыққан төрт теннисшінің есімі белгілі. Михаил Кукушкиннен бөлек, Николос Басиалашвили, швецариялық Стэн Вавринка және италиялық Андреас Сеппи тұсаукескер кездесулерін жеңіспен аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, Роттердамдағы додада Роттердамдағы додада жапониялық Кей Нишикори, франциялық Жо-Вилфрид Цонга мен Жереми Шарди, чехиялық Томаш Бердых, ресейлік Карен Хачанов, испаниялық Фернандо Вердаско және канадалық Милош Раонич сынды танымал теннисшілер бақ сынауда.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»