Аймақтар • 12 Ақпан, 2019

Маңғыстауда «Нұр Отан» партиясының конференциясы өтті

1044 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс ХХIХ конференциясы өтті.

Маңғыстауда «Нұр Отан» партиясының конференциясы өтті

Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық фракциялардың мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Конференцияның күн тәртібіне «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы», Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі» туралы,  Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру барысы, «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау, «Партия Жарғысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы және «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезіне делегаттар сайлау сынды бес мәселе қаралды.

Бірінші мәселе туралы «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы және Саяси кеңес Бюросының мүшесі Қайролла Ережепов, екінші мәселе бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев, үшінші мәселе жайында «Ұлттық рух» қоғамдық қорының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Аят Сүгірбай сөйледі.

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезіне делегаттар сайланды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы