Маңғыстауда сот корпусы жыл қорытындысы бойынша кеңес өткізді

Маңғыстау облыстық сотында өткен кеңейтілген кеңес жұмысында 2018 жылғы атқарылған соттардың жұмысы талқыланды.

Егемен Қазақстан
12.02.2019 617
2

Кеңес жұмысына  Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев бастаған судьялар корпусы мен сот қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында өңірдегі сот төрелігін сапалы атқару, заңдылықты сақтау, соттардың жұмысын одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша алқа төрағалары, арыз-шағымдар және сот әдебі жөніндегі комиссиялардың төрағалары, БАҚ-пен байланыс жұмысын үйлестіруші судья мен соттар әкімшісінің басшысы, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары баяндама жасады.

Кеңесте Е.Даулиев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, қолданысқа енгізілгенін, аталған новеллалардың сот жұмысын оңтайландыруға және барынша күрделі істерге баса көңіл бөлуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ, ол аталған реформалардың маңыздылығын айтып, істерді қарау сапасын одан әрі арттыру, жергілікті соттардың жұмысындағы кемшіліктердің алдын алып, себептеріне талдау жасау, заңдылықтардағы жаңашылдықтарды барынша қолдануды қамтамасыз етуді тапсырды.

2018 жылдың 12 айында жергілікті соттарда барлығы 1921 тұлғаға қатысты 1874 қылмыстық іс қаралған,1584 адамға қатысты үкімдер шығарылған. 2017 жылы 16 адам ақталса, 2018 жылы 23 адамға қатысты ақтау үкімі шыққан. Жалпы облыс бойынша қылмыстық істер саны өткен жылға қарағанда 188 іске көбейген. Сондай-ақ, қылмыстық сот алқасының төрағасы алаяқтық, есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу,

билік өкiлiн қорлау, мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу секілді қылмыстық іс санаттарының артқанын атап өтті. Алқа төрағасы аудандарда қылмыстық істердің арту себебіне талдау жасау қажеттігіне, медиацияның тиімділігін түсіндіру мен қолдану жұмыстарына басымдық беру керектігіне айрықша тоқталды. Сонымен қатар, есепті мерзімде азаматтық және әкімшілік істердің едәуір өскені атап өтілді. Яғни, 2017 жылы 23 134 азаматтық іс қаралса, 2018 жылы 12 айда барлығы 36 434 іс қаралып аяқталған.

Облыс бойынша 178 қылмыстық іс, 1 308 азаматтық іс медиация рәсімімен аяқталған.

Кеңес барысында «Сот төрелігінің 7 түйіні» бойынша «Коммуникациялық стратегия» жұмыстары туралы БАҚ-пен байланысы туралы айтылып, ақпараттық жұмыстардың маңызы мен жаңа талаптар туралы түсіндірілді. Сот жүйесі мен судьялардың имиджін көтеру, халық пен сот арасында байланыс орнату, халыққа құқықтық білім беріп, заңнамалармен таныстыру мақсатында сот қызметкерлері БАҚ-пен тығыз байланыс орнатқан. Өткен жылы Маңғыстау облыстық соттары 2504 ақпарат пен мақалаларды түрлі БАҚ-тарда, веб-сайттарда жариялаған.

Облыс соттарының жұмысы, қаралған істері туралы ақпараттар ҚР Жоғарғы Сотының, Маңғыстау облыстық сотының веб-сайттарына орналастырылуда.

Кеңес соңында Е.Даулиев өңірлік соттарда іске қосылған пилоттық жобаларды іске асыру нәтижесі, орын алған кемшіліктер мен келеңсіздіктерді жою бойынша нақты талаптар қойды.

Кеңесте облыстық сот жанындағы сот әдебі жөніндегі комиссия құрамы, Судьялар Одағының облыстық филиалының жұмыстары да талқыланды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Арман ӘЛМЕНБЕТ. Көңіл қалтарыстарындағы үш сурет (этюдтар)

25.03.2019

Әсет Исекешев Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды

25.03.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті

25.03.2019

Ғ. Қойшыбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

25.03.2019

Nur-sultan – жаңа дәуір символы

25.03.2019

Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды

25.03.2019

Таразда Астана атауын ауыстыруға байланысты акция өтті

25.03.2019

Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды

25.03.2019

Илон Маск: Марста қалашық салына бастағанын көргім келеді

25.03.2019

«Алтын адам» Татарстан төрінде

25.03.2019

Атырауда «Елордамыз – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік концерт өтті

25.03.2019

Мұғалжар ауданында аз қамтылған отбасыларға қаржылай сертификаттар берілді

25.03.2019

Ж. Қасымбек Батыс Қазақстан облысының көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлігін тексерді

25.03.2019

Дархан Кәлетаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

25.03.2019

Жалғыз райхан жәудіреп жазға қалды

25.03.2019

26 наурызда еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

25.03.2019

Жастар жылы жөніндегі жол картасын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

25.03.2019

Абдуллах Гүл: Нұрсұлтан Назарбаев – тұтас түркі әлемінің ақсақалы

25.03.2019

Тұңғыш Президенттің тарихтағы рөлі жоғары

25.03.2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдары (видео)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу