12 Ақпан, 2019

Өнеркәсіптік өндірістің индексі 101,9% құрады

623 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылғы қаңтарда 2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.

Өнеркәсіптік өндірістің индексі 101,9% құрады

Тамақ, сусын өнімдері, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі өсті. Сонымен бірге, темекі бұйымдары және қара металлургия өнімдерінің өндірісі төмендеді.

Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 11 өңірінде байқалды.