Теннис • 13 Ақпан, 2019

Кирилл Герасименко үстел теннисінен неміс клубына ауыспақшы

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстел тенниснен Қазақстан құрамасының үздігі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Кирилл Герасименко 2013 жылғы Бундеслига чемпионы SV Werder Bremen (Германия, Бремен) клубымен келісімшартқа отырды деп хабарлайды Olympic.kz.

Кирилл Герасименко үстел теннисінен неміс клубына ауыспақшы

Кирилл жаңа команда сапындағы алғашқы матчын биылғы тамызда ойнамақшы. 

«Бұл беделді клубтардың бірі. Бапкерлері жоғары білікті мамандар. Кирилл танымал әрі шебер спортшылармен командалас болмақшы. Ол жердегі жаттығу базасы керемет, шеберлікті шыңдауға барлық мүмкіндік жасалған», - дейді ұлттық команданың кеңесші бапкері Дмитрий Левенко. 

Кирилл Герасименко Астанадағы Қазақстан Спартакиадасында төрт алтын медаль иеленді. Ол үстел теннисінен Олимпиада ойындарына (2016 жылы) жолдама алған тұңғыш қазақстандық спортшы.