Аймақтар • 13 Ақпан, 2019

Қостанайда «миллионер» ұры ұсталды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда полицейлер пәтер ұрыларын анықтау үшін жүргізген «Пәтер» жедел-профилактикалық шарасы өз нәтижесін берді.

Қостанайда «миллионер» ұры ұсталды

Шара барысында 30 жасар күдікті қолға түсті. Облыс орталығында тұратын ол қаланың 5 тұрғын ауданындағы бір пәтерге кіріп, ішінде 10 миллион теңге және алтын әшекей бұйымдар сақтаулы тұрған сейфті жымқырған. Ол жасаған шығын 11 миллион теңгені құрап, ұры «миллионер» болып шыға келді.

Шара барысында барлығы 33 пәтер ұрлығы ашылды. Оның ішінде 13-і бұрнағы жылдары болған ұрлық екені де анықталды. Өткен жылдары орын алған екі ірі ұрлық та осы жолы ашылды. Қазір осы қылмыстар бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.  

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай