Қазақстан • 13 Ақпан, 2019

Денис Тен туралы деректі фильм түсірілді

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Денис Тен туралы деректі фильм жарыққа шығады. Бұл туралы  Денис Тен атындағы қорға сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат хабарлады. 

Денис Тен туралы деректі фильм түсірілді

Деректі фильмді 23 ақпан мен 3 наурыз аралығында Бекмамбетов Синема кинотеатрынан көруге болады. Туынды белгілі спортшының мұзайдындағы шоуы туралы болмақ. Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00-дер шамасында болды. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Теннің оң жақ санының жоғарғы тұсынан пышақ салды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. 2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері Теннің өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды. 17 ақпанда спортшының өліміне айыпты тұлғалар сотталды. Құдайбергенов пен Қиясов 18 жылдан арқаласа, Толыбаева 4 жылға сотталды.