Спорт • 13 Ақпан, 2019

Қазақстан чемпионатындағы ең бағалы футболшылар

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан чемпионатында өнер көрсетіп жүрген ең бағалы футболшының есімдері жарияланды. Сол тізімде алғашқы үш орынды «Астана» клубының ойыншылары иеленуде.

Қазақстан чемпионатындағы ең бағалы футболшылар

Бірінші орында – Марин Томасов. Бүгінгі таңда 31 жастағы хорватиялық жартылай қорғаушының трансферлік құны 3 миллион евроны құрап отыр.

Екінші және үшінші орындарды 25 жастағы шабуылшы Роман Мұртазаев пен 28 жастағы қорғаушы Дмитрий Шомко өзара бөлісуде. Қазақстанның қос өренінің құны 2,5 миллион евро шамасында. 

Төртінші орында – 25 жастағы Бауыржан Исламханов. Алматының «Қайрат» клубының капитаны қазіргі кезде 2,3 миллионға бағаланып отыр.

Бесінші және алтыншы орындарды Қазақстан құрамасы мен Шымкенттің «Ордабасы» клубының шабуылшысы Алексей Щеткин және Қостанайдың «Тобылында» өнер көрсетіп жүрген беларуссиялық легионер Михаил Гордейчук иеленуде. Олардың құны – 2 миллион евро.

және сегізінші орындар «Қайрат» клубының ойыншыларына тиесілі. Қазақстандық Исламбек Қуат 1,8 миллионға бағаланса, украиналық Хабиб Адеринсола Эсеоланың құны 1,7 миллион евро.

Одан кейінгі үш ойыншының трансферлік құны бірдей. Олар – «Астананың» сапындағы Конгоның шабуылшысы Жуниор Кабананга мен босниялық қорғаушы Марин Аничич және  Қазақстан құрамасы мен «Кайраттың» қорғаушысы Гафуржан Сүйімбаев. Айтулы ойыншылар 1,5 миллион евроға бағаланып отыр.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan

Соңғы жаңалықтар