Қазақстан Маршалл Аралдары Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатты

Қазақстан Республикасы мен Маршалл Аралдары Республикасы дипломатиялық қатынастар орнатты. Нью-Йорк қаласында БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы мен Маршалл Аралдары Республикасының тұрақты өкілдері Қайрат Омаров пен Аматлайн Элизабет Кабуа екі ел арасында Дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойды. Құжат қол қойылғаннан кейін күшіне енді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Егемен Қазақстан
13.02.2019 1670
2

Қазақстан Республикасының елшісі бірлескен коммюникеге қол қою екі ел арасындағы екіжақты форматтағы және халықаралық ұйымдардың шеңберінде түрлі салалардағы қатынастарды дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кездесу барысында екі елдің өкілдері БҰҰ аясында өзара қолдау, соның ішінде Ұйымды реформалау мәнмәтіндегі мәселелерін талқылады. БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына және климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды.

Аматлайн Элизабет Кабуа Қазақстан тарапына шағын аралдық мемлекеттерді климаттың өзгеруімен күресу және баламалы энергия көздеріне көшу шараларына белсенді қатысқандығына алғысын білдірді. Ол Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өткен Маршалл аралдарының ұлттық күні іс-шарасына жеке қатысқандығын атап өтті.

Маршалл аралдарының тұрақты өкілі ядролық қаруды таратпау саласындағы Қазақстан және оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбіт халықаралық бастамаларына қолдау білдіріп, осы салада одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін айтты. Ядролық сынақтардан зардап шеккен Маршалл аралдары Қазақстанның жаһандық деңгейде осы сынақтарға тыйым салу туралы бастамасын толықтай бөлісуде.

Маршалл Аралдары Республикасы – Тынық мұхитының батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Халық саны шамамен 57 мың адам. 1986 жылы Америка Құрама Штаттармен еркін келісімшарт негізінде тәуелсіздік алды. 1947-1962 жылдар аралығында мемлекеттің аралдарында ядролық сынақтар жүргізілді. 1954 жылы АҚШ Бикини атоллда сутегі бомбасын алғашқы сынақтан өткізді. Жарылыс аралды толығымен жойып жіберді.

Экономикасының негізін құрайтын салалар – табиғи ауыл шаруашылық өнімдері, копра өнімдерін экспорттау және АҚШ-тан алатын қаржылай көмек. Валюталық түсімдердің үлкен бөлігі - туризмнен келіп түсетін кіріс.

Елдің басты проблемаларының бірі - жаһандық климаттың өзгеруі. Бұл теңіз деңгейінің көтерілуі, жағалаудағы эрозия, тұзды судың топыраққа енуі, құрғақшылық пен су тасқыны, циклондар мен дауылдар.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

М.Әшімбаев Атырауда қаза тапқан полицияға қатысты пікір білдірді

23.03.2019

Испанияда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы «роуд-шоу» өтті

23.03.2019

«Бөрте милка» кәсіпорнының жұмысшылары елорданың Нұр-Сұлтан атанғанын қолдайды

23.03.2019

Президент Қ.Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын Түркістаннан бастады

23.03.2019

Қазақ күресінен «Өнер Барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды

23.03.2019

Астанада Наурызға арналған теннистен турнир басталды

23.03.2019

Солтүстікқазақстандық полицейлердің қайырымдылық іс-шаралары

23.03.2019

Меморгандардың жаңа кәсіпорындар құруына мораторий жарияланады

23.03.2019

Қызды құтқарам деп суға кеткен Шалқар Ақымғалиев мемлекеттік наградаға ұсынылады

23.03.2019

Қытайдағы химиялық зауытта жарылыс болып, 47 адам қаза тапқан

23.03.2019

Еуроодақ Голан төбесін Израиль меншігі деп танудан бас тартты

23.03.2019

Тоқаев Тұрсынбаеваны күміс медалімен құттықтады

23.03.2019

Милад Карими кермедегі жаттығу бойынша әлем кубогінің финалына өтті

23.03.2019

Юлия Путинцева Майами турнирінің үшінші айналымына шықты

23.03.2019

Қостанайдағы «Бастаңғы»  көп мәселе көтерді

23.03.2019

«Харекет» қайырымдылық қоры көпбалалы отбасыға пәтер кілтін табыс етті

23.03.2019

AIBA президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

23.03.2019

Маңғыстауда наурыз мерекесін атап өтуге жағалауға 100 мың адам жиналған

23.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

23.03.2019

Анкарада Наурыз мерекесі тойланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу