Парламент • 13 Ақпан, 2019

Жұтқыншағы ауыратын балаларға жәрдемақыны ұлғайту қажет

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымоваға және Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановқа жұтқыншақтың тарылуымен ауыратын, кейді тіпті дем алуы қиынға соғатын балалардың жағдайына көңіл бөлуді сұрады.

Жұтқыншағы ауыратын балаларға жәрдемақыны ұлғайту қажет

Бұл аурудың себебі әр түрлі және бұған шалдыққандарға міндетті түрде ота жасалуы тиіс. Дегенмен елімізде бұл отаны Астана қаласындағы «Ана мен бала» орталығында жалғыз маман ғана жасайды. Кей кезде іскерлік дәрістерін өткізуге келген шетелдік мамандар да ота жасайды. Бұл ретте науқас балалардың ата-аналары ешқандай ақы төлемейтінін айтып өтуіміз керек.

«Бірақ бұл - ата-аналардың жұмысын жеңілдетпейді. Өйткені отадан кейінгі ем-домды әр отбасы өздері қолға алады. Ал кейбір дәрі-дәрмектер шетелден ғана табылады. Олардың тек бір реттік емес екенін ескерсек, бұл әрбір ата-ананың қалтасына ауыр келеді. Мәселен, трахеосмитикалық түтік 10-16 мың теңгенің арасы. Ал оны айына екі рет ауыстыру керек. Гастостимикалық түтік 18 мың тұрады.

Бұл баланың өмірін сақтап қалуға керек-жарақтардың барлығы емес. Ал бұл ауруға шалдыққан балаларға мүгедектік берілгенімен, топ анықталмайды. Сондықтан берілетін жәрдемақы көлемі 63 000 теңгені құрайды.

Сондықтан науқас балалардың отадан кейінгі ем-шараларына да жәрдемақы беруді қарастыруды сұраймыз» деді Мәжіліс депутаты М.Магеррамов.