Қазақстан • 14 Ақпан, 2019

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі тағайындалды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Уильям Мозер АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Елшіліктің Фейсбуктегі ресми парақшасындағы ақпаратта.

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі тағайындалды

«Уильям Мозер мырзаны Қазақстандағы АҚШ Елшісі ретінде ант беріп, лауазымына кірісуімен құттықтаймын. Таяу уақытта оның келуін күтеміз», - делінген ақпаратта.

Уильям Мозер әр жылдары АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары, АҚШ-тың Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі, Молдовадағы елші қызметін атқарған.