Аймақтар • 14 Ақпан, 2019

Интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетілді

355 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылдың 12 ақпан күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде «Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарғанына 30 жыл толуына орай интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсету күнін» өтті.  

Интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетілді

Осы мақсатта ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимылдарға, жергілікті соғыстар мен шиеленістерге қатысқан тұлғаларға мектеп тәрбиеленушілері құрмет көрсету жиынын өткізді.

         Атап айтқанда, Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебіне қонақ ретінде ҚР Қарулы Күштері ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан филиалының төрағасы запастағы подполковник Алдабергенов Бабай Тәңірбергенұлы, Ауған соғысының ардагерлері запастағы полковник Рысбаев Махмуд Елемесович, Шынаров Ғалымжан Керимович және Қалдыкөзов Бахыт Әбдіманапұлы қатысты.

         Атаулы күнге орай өткен жиында ең алдымен Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Кейін интернационалдық борышын өтеп жүріп, жат елде көз жұмған Нұрсұлтан Разаков, Қанат Букетов, Марат Бейсенбаев, Александр Асламов, Латиф Фахрутдинов сынды батыр жерлестеріміздің еңбектері мен ерліктері туралы бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар, мектеп қабырғасында Интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсету және еске алу мақсатында фото-көрмелер мен кітап көрмесі ұйымдастырылды.

         Мектеп бастығы полковник Г.Тулеушев Елбасының: «Әр қа­зақстандық ерлік пен елдік­ті ұштастырып, еліміздің көркейіп, өркендеуіне еңбек етуі тиіс» деген сөздерін ескере отырып, келген ардагер қонақтарға олардың Отан үшін жасаған ерліктері жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісі ретінде үлгі-өнеге екенін және ешқашан ұмытылмайтынын, айтып өтті. 

Мектеп басшылығы ардагер қонақтарымыздың Отанға деген адалдығы болашақ жас ұрпаққа үлгі боларлық бай тәжірибе екеніне тоқталып, шын көңілден сый-құрметтерін көрсетті.

Өз кезегінде, ардагерлер қауымы мектеп басшылығы мен ұландарына алғысын жаудырып, ризашылығын білдірді.

Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің қызметкері

 Сейдулла Жамиля Съезбекқызы