А.Мамин: Түркістандағы құрылыс қарқынын арттыру керек

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Түркістан қаласын дамытуға арналған жиын өтті. Мәжіліске республикадағы барлық облыс, қала әкімдерінің сала орынбасарлары қатысты. Отырысқа дейін шаһарда бой көтеріп келе жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысқан Бірінші Вице-Премьер көне қаланы дамытуды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жіті қадағалап отырғанын жеткізді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Егемен Қазақстан
15.02.2019 648
2

Мәжілісте Елбасының Түркістан қаласын дамыту мақсатында берген тапсырмаларын орындау бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаев баяндама жасады. Ең алдымен, шаһардағы құрылысқа қажетті жер телімдерін босату мәселесіне қатысты сөз бастаған аймақ басшысы рухани-мәдени орталықта орналасқан 168 нысанның бағалау жұмыстары әзірленіп, бүгінгі күнге 101 нысан иелері ұсынылған бағамен келіскенін жеткізді. Соның ішінде 51 тұрғын үй иелеріне 621 млн. 669 мың теңге төленіп, жалпы 44 ғимарат бұзылған.

«Атап айтқанда, «Шығыс моншасы» құрылысы түсетін алаңдағы 8 нысанның 6-ы, «Музыкалық фонтан» құрылысына түсетін 10 нысанның 5-уі,  «Сауда орталығы» құрылысына түсетін 10 нысанның 9-ы және «Амфитеатр» құрылысына түсетін 6 нысанның 1-і бұзылды. «Ұлы дала елі», «Визит орталығы» және «Ғылыми-әмбебап кітапханасы» нысандарын орналастыру жоспарының ауысуына байланысты, бұзылуға жататын ғимараттарды қайта анықтап, ұсыныс беріледі. Әкімшілік-іскерлік орталықта 44 жер теліміне бағалау жұмыстары жүргізіліп, 554,4 млн теңгені құрады. Қалған 23,7 гектар жер көлемінде орналасқан 245 жер теліміне бағалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2019 жылдың 1 наурызына дейін аяқталады», - деді Ж.Түймебаев.

Мұнан соң, өңір басшысы әкімшілік-іскерлік орталықтағы құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды. Мәліметтерге сәйкес, облыс әкімдігі мен 900 орындық мектеп осы жылдың соңына пайдалануға берілсе, Конгресс-орталық, «Астана алаңы» ғимараты,  Медиа-орталық, Оқушылар сарайы, 7000 орынға арналған стадион, Спорт мектебі, туризм бағытындағы колледж, жабық бассейні бар спорт сарайы, тұрғын үй кешені, цифрлық офис ғимараты және «Smart city» жобасын ел игілігіне тапсыру 2020 жылға жоспарланып отыр. Ал тұрғын үй құрылысын дамыту жоспары бойынша Түркістан қаласында 2019-2021 жылдары барлығы 874.6 мың ш.м. (13 094 пәтер, 357 тұрғын үй) тұрғын үй көлемін пайдалануға тапсыру мүмкіндігі бар екенін айтқан Ж.Түймебаев әкімшілік-іскерлік орталығын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жайттары сынды тарихи қалада бой көтеруі жоспарланған әрбір нысанның бүгінгі ахуалын мәлімдеді.

Жиында, мұнан бөлек, Түркістанның тарихи және рухани-мәдени орталықтарындағы жұмыстар туралы ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов сөз сөйлесе, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қ.Өскенбаев тұрғын-үй құрылысы мен нысандардың инфрақұрылымдары туралы баяндады. Ал «Астанабасжоспар» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС-нің директоры С.Жүнісов нысандардың орналасуы туралы мәлімет берді.

Жиынды қорытындылаған А.Мамин Түркістанда бой көтеретін нысандарды салуда облыстар мен компаниялардың да атсалысатынын атап өтті.

«Павлодар облысы заманауи халыққа қызмет көрсету орталығын салса, Ақтөбе облысы «Қожа Ахмет Яссауи» және «Рабиға Сұлтан Бегім» кесенесін реставрациядан өткізу және кіреберіс кешендерін көркейту және саябақ салу жұмыстарын қолға алмақ. Атырау облысы «Ұлы Дала Елі» кешенін, Батыс Қазақстан облысы музыка мектебін, Қостанай облысы неке сарайын, Астана қаласы «Астана алаңының» құрылысына қатысады. Ендігі кезекте, уақытта текке жібермей, жұмыс қарқынын арттыру керек. Мұны Түркістан облысының әкімдігі мен барша облыс, қала әкімдерінің орынбасарларына тапсырамын», - деді А.Мамин. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.03.2019

Президент Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

22.03.2019

ҚХЛ: «Барыс» ұтылды, «Авангард» келесі кезеңге өтті

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі өзгеше тойланды

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі бұлақ көзін ашудан басталды

22.03.2019

Элизабет ел үмітін ақтады

22.03.2019

Қос теннисшіміз екінші кезеңге шықты

22.03.2019

Азия чемпионатында алты балуанымыз жүлде алды

22.03.2019

«Ақжайық» футбол клубы елордаға Нұр-Сұлтан есімін беруді қолдайды

22.03.2019

Шүменов Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін

22.03.2019

Игита Қазақстанның ең үздік қақпашысы атанды

22.03.2019

Сенат Төрағасы Д.Назарбаева көңіл айту жеделхатын жолдады

22.03.2019

Атырауда Наурыз мерекесін тойлау кезінде әлемдік рекорд орнатылды

22.03.2019

Талдықорған тұрғындары 5 000 литр көже ішіп, 1 тонна бауырсақ жеді

22.03.2019

Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа 10 жыл

22.03.2019

Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда мұнай, жанармай шығару өскен

22.03.2019

Президент Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Бауыржан Тортаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

22.03.2019

Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу