Қазақстан • 15 Ақпан, 2019

«Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасын дайындауға 40 мыңнан астам ұсыныс түсті

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысындағы Министр Ерлан Сағадиев айтты.

«Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасын дайындауға 40 мыңнан астам ұсыныс түсті

 «Елбасының тапсырмасы бойынша "Педагог мәртебесі туралы" Заң жобасы әзірленді және қоғаммен жиі талқыланды. 40 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Олардың барлығы жүйелі түрде қаралып және қаржы мәселесі, заң талаптарына, әлеуметтік теңдігіне қарай заң жобасына енгіздік. Осы жұмысқа қатысқан педагогтерге және ата-аналарға, қоғамдық ұйымдарға рахметімді айтуға рұқсат етіңіз.

Заң жобасы еліміздің барлық педагогтарына жеткізілді. Жұмыс тобы 80 адам, кәсіподақтар, педагогикалық ЖОО заң жобасы мен ұсыныстарды барлық облыстарда кеңінен талқылады. Бюджет, заңдар, мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктер бойынша мүмкіндіктері тұрғысынан және мұғалімдердің басқа салалармен әлеуметтік теңдігін ескере отырып, барлығын ескеруге тырыстық», деді Министр.