Ақтөбеде әлеуметтік жағынан аз қамтылған 27 отбасыға материалдық көмек берілетін болды

Ақтөбе қаласы әкімдігінің қызметкерлері, депутаттар мен кәсіпкерлер өздерінің айлық табысын қоғамдық қорға аударады. Аталған бастама көтерілген Ашық есік күндері Ақтөбе облысында 15 ақпанға дейін созылады.

Егемен Қазақстан
14.02.2019 7
2

Ақтөбеде Ашық есік күндері акциясы жалғасуда. Шара барысында облыс тұрғындары Ақтөбе әкімдігінің, облыстық басқармалардың, құқық қорғау органдарының және коммуналдық қызметтердің басшылары мен мамандарына жеке сұрақтары бойынша тікелей жүгіне алады. 8-12 ақпан аралығында азаматтарды қабылдау пункттеріне 2267 сұрақпен 2155 адам келген.

Тұрғын үй, атаулы көмек, әлеуметтік және жер мәселелері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық проблемалары тұрғындарды жиі толғандырады екен. Жеке шаруаларымен қайырылған азаматтардың барлық мәселелері талданып, алдағы жұмыс бағыттары анықталды. Акция кезінде балаларды балабақшалар мен мектептерге орналастыру, материалдық көмек көрсету, тегін дәрі-дәрмек бөлу және бірнеше адамды жұмысқа орналастыру сияқты 220 мәселе шешілген. Келіп түскен 1801 мәселе бойынша азаматтарға кеңес берілді, ал бірқатар сұраққа байланысты одан әрі іс-қимыл жоспары жасалды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған тағы 27 адамға жақын арада 2 млн. 650 мың теңге көлемінде материалдық көмек берілетін болды. Қалған 219 мәселе қаралу үстінде.

Ашық есік күндері аясында қала әкімдігі қоғамдық белсенділер, депутаттар және мемлекеттік мекемелер өкілдерінен тұратын мобильдік топтар құрды. Олар орын алған мәселелерді шешудің тиімді тәсілдерін анықтау үшін көмекке аса мұқтаж жандардың отбасыларына бармақ.

2017 жылы 17 қаңтарда өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету мақсатында құрылған "Қолғанат Ақтөбе" қоғамдық қорына айлық жалақыны аудару туралы Ақтөбе әкімі Ілияс Испановтың жеке бастамасы үлкен оқиға болғаны есімізде. Қор өз жұмысын толық көлемде бастады және сол жылы сәуір айында Ақтөбе қаласындағы су тасқыны салдарын жоюға және мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуде барынша белсенділік танытты.

Әкімнің бастамасын депутаттар, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қолдады. Айта кетейік, Ақтөбе әкімі 2017 жылдан бері ай сайын жетім Артем Степаненконың шотына ақша аударады. Осы аударымды санамағанда, Ілияс Испанов ағымдағы айдағы барлық қалған жалақысын "Қолғанат Ақтөбе" қоғамдық қорының шотына аудармақ. Сондай-ақ, қала әкімдігі Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен 2016 жылдан бері 443 жетім балаға әлеуметтік-патронаждық көмек көрсетуде.

14-15 ақпанға дейін созылған Ашық есік күндеріне азаматтарды қабылдау келесі мекенжайлар бойынша жалғасады:

1) Сәңкібай батыр 249, «Халық кеңсесі»;

2) Т.Ахтанов көшесі, Т.Ахтанов атындағы драма театры;

3) Сәңкібай батыр көшесі 145 б, Астана ауданының әкімдігі;

4) «Қарғалы» тұрғын алабы, Қазан-60 жыл көшесі 70 б, Алматы ауданының әкімдігі.

Қабылдау уақыты: сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу