Аймақтар • 15 Ақпан, 2019

Астанада 10-сынып оқушысы құдыққа түсіп кеткен баланы құтқарды

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада анасымен серуендеп жүрген бала құдыққа түсіп кеткен. Құтқарушылар келгенше оның анасына 10-сынып оқушысы көмектескен. Бұл туралы ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Астанада 10-сынып оқушысы құдыққа түсіп кеткен баланы құтқарды

2014 жылы дүниеге келген бала анасымен Қарасай батыр көшесінде серуендеп жүріп екі метр терең құдыққа түсіп кеткен. Бұл хабар құтқарушыларға 15 ақпанда сағат 11.30-да түскен.

«Құтқарушылар келгенше №39 мектептің 10-сынып оқушысы баланы құдықтап алып шықты. Құлаған бала №2 балалар қалалық ауруханасына жеткізілді. Оқушыны құтқарушылар үйіне жеткізіп салды», - деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

2018 жылдың соңында Астананың сол жағалауында 200-ден аса беті ашық жатқан құдық анықталған. Әкімдік өкілдері ашық қалған құдық көргендерден хабарды 109 нөміріне жеткізуді сұрады.