Қазақстан • 15 Ақпан, 2019

Бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесі құрылады

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясының жанынан құрылған Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес жұмысының алғашқы нәтижелері белгілі болды.

Бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесі құрылады

«Партиямыздың барлық қоғамдық қабылдау бөлмелерінде бірыңғай әлеуметтік терезе жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Біздің барлық қоғамдық бақылау бөлмелерінде осындай бірыңғай терезелеріміз болады. Сол жерде көп балалы отбасылар келіп өздерінің мәселелрін айтып, нақты көмек алуға мүмкіндігі болды. Республикалық бюджеттен берілетін көмек, жергілікті бюжеттен берілетін көмектердің барлығын біз түсіндіріп,сол көмекті алуға жағдай жасап, бақылауға аламыз», - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

Бұл жүйе мемлекеттік жеңілдіктермен бірге еріктілер мен меценат кәсіпкерлер тарапынан көрсетілетін нақты көмектерді де қамтиды.

«Біздің қоғамымызда көптеген мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер арасында әлеуметтік төмен отбасыларға көмектескісі келетін ниеттері бар азаматтар бар. Кейбіреулер сол көмекті қалай жасау керек, не істеу керек деген мәселелермен партияға келіп жатады. Осындай азаматтардың барлығын біріктіріп, келіп жатқан көпбалалы отбасыларға сол көмекті бірыңғай әлеуметтік терезе арқылы беру мәселелесін де жолға қойып жатырмыз», - деді М. Әшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, аталған жүйе еліміздің барлық өңіріндегі партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері арқылы қызмет көрсетеді. Ол жерде әлеуметтік көмекке қатысты толық мәліметтер мен кеңестер алуға болады.