Әлем • 15 Ақпан, 2019

Адамзат тарихында ең қымбатқа бағаланған картина

632 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл - «Әлемнің құтқарушысы» деп аталатын Леонардо да Винчидің картинасы.

Адамзат тарихында ең қымбатқа бағаланған картина

1605 жылы Франция каролі Людовик ХІІ тапсырысымен салынған. Атақты «Мона Лизаның» салынған уақыты да осымен тұспа-тұс. Сальватор Мунди немесе «Әлемнің құтқарушысы»  – Леонардо да Винчидің жеке қолдағы жалғыз суреті. Ол кейіннен Англия каролі І Карлдің коллекциясына енген. Алайда, 1763-1900 жылдар аралығында картина жоғалып кетеді. Ал 1900 жылы оны британдық коллекционер акуционда сатып алады. Субъектінің беті мен шашы боялғандықтан көшірмеге қатты ұқсайды. Мұны салған Бернардино Луини есімді Леонардо да Винчидің шәкірті деген де дерек бар. 1958 жылы лондондық коллекционердің отбасы картинаны бар болғаны 45 фунтқа сатып жіберген. Осыдан соң 2005 жылы арт-дилерлер тобы оны 10000 долларға сатып алады. Олар бұл картинаны 6 жыл зерттеп, Леонардо салғанын дәлелдеп шықты. Лондон Ұлттық галереясы 2011 жылы оны көрмеге қояды.  Картинаның бірнеше эскизі Виндзор қамалында  сақталған.

Сурет 2017 жылы Нью-Йорктағы Christie's аукционында рекордтық бағаға сатылды. Туындының құны 450 млн долларға бағаланды. Бұл – адамзат тарихында ең қымбатқа бағаланған картина. Осылайша 2015 жылғы 179,4 млн-ға сатылған  Пикассо  картинасының рекордын жаңартты. Десе де, картинаның түпнұсқа екеніне көп сыншылар күмәнмен қарайды. Алайда, аукцион басталғанына 19 минут болмай жатып, туындының бағасы 100 млн долларға көтерілген.

Бұл Леонардоның 1909 жылдан бергі алғашқы «жаңалығы» болғандықтан «жоғалған Леонардо» деп те аталады.

Аударған Салтанат ШЫНӘДІЛ

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше